{metadescription}
Шыны құтыға салынған Аяз Ата мен шамның ішіндегі шырша
Шыны құтыға салынған Аяз Ата мен шамның ішіндегі шырша

Шыны құтыға салынған Аяз Ата мен шамның ішіндегі шырша

Көз тартатын бұндай ерекше сыйлықтарды Теміртау қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайында ашылған көрмеден кездестіруге болады.

Мұражай қызметкерлері бірер ай бұрын ғаламтор арқылы «ең үздік сыйлық пен ең әдемі сыйлық қаптамасы» деген байқау жариялаған болатын. Шараға 100-ге жуық адам қатысуға ниет білдіріпті. Байқауға қатысушылар көбіне сыйлықтарды өз қолдарымен жасаған. Кеңес кезінен сары майдан сақтап келген ескі дүниелерін әкелгендер де жоқ емес. Байқауға Теміртау ғана емес, Қарағанды қаласы мен жақын маңдағы елді-мекен тұрғындары да қатысқан.  Бірақ өткен жылмен салыстырғанда тұрғындардың белсенділігі төмен дейді ұйымдаструшылар. Ол жолы 300 адам қатысыпты. Көрме-байқау қаңтардың 13-не дейін жалғасады.

Кеше

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде