{metadescription}
Ливияда жолаушылар  ұшағын  басып алғандардың қолында ойыншық  граната болған
Ливияда жолаушылар  ұшағын  басып алғандардың қолында ойыншық  граната болған

Ливияда жолаушылар ұшағын басып алғандардың қолында ойыншық граната болған

Эйрбас-320 ұшағын кепілге алған Ливияның қос азаматы сот алдында жауап бере бастады. Мұса Шаха мен Әли Ахмед өткен аптада Сабхи қаласынан Триполиге бет алған ұшақты жарамыз деп доқ көрсеткен.

Сөйтіп, 118 жолаушы мінген Эйрбас-320 әуе кемесі бағытын өзгертіп Мальтаға қонуға мәжбүр болды. Алайда Валетта қаласында басталған сотта олар өз кінәларын мойындамай отыр. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, күдіктілер «Жаңа Әл-Фатех» ұйымының мүшелері әрі Муаммар Каддафидің жолын жалғастырушылар екен. Сондықтан олар ұшақты басып алу арқылы өздерінің атын шығармақшы болған. Алайда қолдарына ойыншық граната мен тапанша ұстап алған екеудің арам ойы жүзеге аспады. Оларды жергілікті құқық қорғау орындары өз еркімен берілуге көндіріп, барлық жолаушыларды қаскөйлердің қолынан құтқарып қалған болатын. 

Кеше

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.