{metadescription}
Нетаньяху АҚШ-тағы елшісін шақыртып алды
Нетаньяху АҚШ-тағы елшісін шақыртып алды

Нетаньяху АҚШ-тағы елшісін шақыртып алды

АҚШ-тың әрекетіне көңілі толмаған  Израиль премьер-министрі бүгін осы елдің елшісін шұғыл шақыртты. Биньямин Нетаньяхуға ұнамағаны, БҰҰ-ның Иордан өзенінің жағалауындағы еврей қоныстарына қатысты қарары.

Қауіпсіздік Кеңесі осы заңсыз құрылысты айыптап резолюция қабылдағанда, АҚШ тарапы дауыс бермей қалыс қалған екен. Вашингтон вето құқын пайдаланып, қарарды неге жауып тастамады деп ашуланған Нетаньяху енді мұның сесебін АҚШ елші Дана Шапироның өзінен сұрамақ. Тіпті Қауіпсіздік Кеңесінің ешқандай шешімін орындамаймыз деп Израиль премьер-министрі шорт кетті. Негізі құжатты дайындауға Барак Обаманың үкіметі қатысқан екен. Бірақ, АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп инаугурациядан кейін қарарды қайта қарауға уәде етіпті. Нетаньяху енді соған үміт артып отыр. Еврейлер Иордан өзенінің батыс жағалауындағы қоныстардан кетпейміз деп бекінген. Ал, әлемдік қауымдастық оны Палестинаға қайтарып беруді талап етуде.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.