{metadescription}
Алматыда сәбиі шетінеген келіншек өлімге медбикені айыптап  сотқа жүгінді
Алматыда сәбиі шетінеген келіншек өлімге медбикені айыптап  сотқа жүгінді

Алматыда сәбиі шетінеген келіншек өлімге медбикені айыптап сотқа жүгінді

Медбикеге сенем деп сәбиінен айырылған. Алматылық жас отбасы босанайын деп отырған нәрестемізден айырды деп медбикені сотқа берді. Жекеменшік медицина орталығының маманы жас келіншектің жүктілік кезеңін толық бақылауда ұстаған екен. Сол үшін қомақты ақша да төленіпті. Алайда тоғыз ай көтерген баласы іште шетінеп кеткен.

Тұңғышынан айырылған Айнұрдың көңілін қайғы басқанына жылға жуықтаған. Күйеуі Мәди екеуі ұлды боламыз деген арманын сағымға айналдырған медбикеге қатты қапалы. Жас келіншек алғашқы жүктілік кезін дәрігердің толық бақылауында өткізу үшін жекеменшік медицина орталығына барып, қомақты ақша төлепті.

Айнұр Омарова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Аяғым ауыр кезде ешқашан қоңырау соқпайтын. Мені толық бақылауда ұстап отыру үшін жағдайымды білмейтін. Бір жағдай бола қалса, біз өзіміз хабар береміз. Соған қарамастан ара қатынасымыз да жақсы болатын. Бірақ соңында бізге осынша қайғы әкеліп, түк болмағандай жүре беруін түсіне алмадым.

Жақсы қарасын деп 187 мың теңге төлеген жекеменшік орталықтың өкілі келісім-шарт бойынша жас келіншектің жүктілік мерзімін ойдағыдай өткізіп беру керек болған. Бірақ сенген дәрігерінің кесірінен бала іште жатып шетінеп кетіпті. Онысын тіпті перзентханаға барғанда бір-ақ білген.

Мәди Омаров, Алматы қаласының тұрғыны:

  •  Таңғы төрт жарымды қатты қысылдым. Толғақ деп ойлап перзентханаға қарай жолға шықтық.  Дәрігерлер тез қабылдады. Кейін дәрігер шақырып алып, баланың жүрегі тоқтады деп айтты.

Яғни босанатын мерзімі жетсе де, дәрігер дұрыс кеңес бермей, қателік содан болған дейді. Ал медбикенің өзі бет бақтырар емес. Қателігі үшін кешірім сұрап жарытпаған ол аяғына дейін күресіп бағам, соттасам деп отыр. Бірақ камераға қарап сөйлегісі келген жоқ.

Инна Тян, акушер-гинеколог:

-Мен бір жыл бойы күресіп келдім, күресе де берем. Мәселенің қалай болғанын тәптіштеп айтып отырғым келмейді. Тек айтарым, бұған қатысты сараптамалар жүргізілді, оны ішкі істер департаменті қарады. Егер олар қоймай, қайта-қайта іс қозғата берсе, мен де аяғына дейін баруға дайынмын.

Бұған дейін Омаровтар отбасы полицияға арыз түсірсе, онысын қылмыс құрамы жоқ деп қайтарып тастапты. Бірақ мұнымен тоқтамай, медбикені тағы сотқа беріп, тәуелсіз сараптама жүргізуді талап етіп отыр. Олар ұлының өліміне кінәлі санайтын адамды қалай да жазаға тарттырмақшы. м

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде