{metadescription}
Шығыс Қазақстандағы балабақшаларда қызметкерлерге ұялы телефон ұстауға тыйым салынды
Шығыс Қазақстандағы балабақшаларда қызметкерлерге ұялы телефон ұстауға тыйым салынды

Шығыс Қазақстандағы балабақшаларда қызметкерлерге ұялы телефон ұстауға тыйым салынды

Енді жұмыс кезінде смартфонға әуес тәрбиешілер мен бала күтушілер жазасыз қалмайды.

Өйткені шенеуніктерге мектепке дейінгі мекемелерге қатысты шағым жазатын ата-аналар көбейген. Әсіресе, балабақшада бөбегі жарақат алғандар сондағы қызметкерлердің салғырттығын сынайды екен. Арыз бойынша тексеру жүргізген білім басқармасындағылар да мұны құптап отыр. Себебі, смартфонға шұқшиған тәрбиші бала бағуды ұмытып кететін көрінеді. Енді ұялы телефонды тек мемлекеттік балабақшалардың ғана емес жеке мекемелердің де тәрбиешілері қолдана алмайды. Тыйымға құлақ аспағандарға алғашқыда ескерту жасалмақ. Одан соң жұмыстан қууға дейін барамыз дейді жергілікті шенеуніктер.

Айжан Садықова, Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысы: 
- Смартфон пайдалану балалар дың қараусыз қалуының бір себебі болып отыр. Ішкі тәртіпті өзгертуге мәжбүрміз.

Кеше

22 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.