{metadescription}
Петропавлда үлкен салтанатпен пайдалануға берілген үй мүлдем жылымай қойған
Петропавлда үлкен салтанатпен пайдалануға берілген үй мүлдем жылымай қойған

Петропавлда үлкен салтанатпен пайдалануға берілген үй мүлдем жылымай қойған

Петропавлда жас отбасыларға арналған баспанада жуырда ғана қоныс тойын тойлаған тұрғындардың қуанышы ұзаққа бармады. Жұрт үйді қалай болса солай салып кеткен құрылысшыларға өкпелі. Себебі, баспаналары мүлдем жылымай қойған. Соның кесірінен, енді бала-шаға түгілі үлкендердің өзі аурудан бас көтермейтін болыпты. 

Екі баланың анасы Жадыра Амантаева қыс түскелі сәбилерімнің  ауруынан шаршаған. Күндіз-түні үйдегі электр жылытқыштары тоқтан ажырамайды. Әйтпесе, сызданып кететін ауадан баласы түнімен ұйықтамайды екен. Ал терезе алдындағы суланған шүберектерді сығып алуға болады.

Жадыра Амантаева, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Балам түнде дем ала алмай тұншығып жатқанда жанымды қоярға жер таппаймын. Бәрі осы үйден басталды. Көшіп келгелі жөтелден көз ашпап едік, енді міне, арты демікпеге айналды. Бәріміз суық пәтерден ауру тауып отырмыз.

75 пәтерлік бұл үй жас отбасыларға деп биыл жазда беріліпті. Алдын-ала еш жинақсыз, айына 35 мың төлеп тұратын пәтерге қоныстанғанда, жастар бөркін аспанға атып қуанған. Енді сол бөріктерін үйлеріне келсе де шешпейді. Бәріне құрылысты салғырт атқарған мердігерді айыптап отыр. Біздің түсіру тобымыз келеді дегенді естіген атқамінерлер осы үйді салғандарды алдарына салып алып келіпті.  Мердігердің өкілі үйді уақытында, жоспарға сай, мінсіз етіп тапсырдық деп отыр. Мемлекеттік бағдарлама бойынша, шаршы метрі 100 мың теңге болатын құрылыстан қандай сапа күтесіңдер деп те қойып қалды. Ал пәтерлердің суықтығына қатысты айыпты мердігер энергетиктерге тағып отыр. 

Алексей Медведев, мердігер компания өкілі:

-Мүмкін,  кінәрат жылу электр стансасынан шығар. Өткені үйді біз жобаға сай салдық. Еш ауытқу болған жоқ. Қазір бұл құрылыс кепілдікте тұр. Тұрғындар шағым жазса болды келіп, олқылықтарды жөндеп беріп кетіп жүрміз.

Өткен аптада ғана тұрғындардың жанайқайын естіген қала әкімінің өзі осы үйге келіп жағдайды көріп кетіпті. Арнайы комиссия құрып, әр пәтерді жеке-жеке тексеруді талап еткен. Сол комиссия жылу жүйесін қарап, «бәрі дұрыс» деген шешім де шығарған. Айтуларынша, жаңа ғимараттардың дені алғашқы қыста осылай суық болады екен. «Көш жүре түзеледі, шыдаңдар» деп кеткен шенеуніктер. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.