{metadescription}
Қазақстандық туристерге туркодсыз шетелге шығуға тыйым салынды
Қазақстандық туристерге туркодсыз шетелге шығуға тыйым салынды

Қазақстандық туристерге туркодсыз шетелге шығуға тыйым салынды

Бұдан былай туристік компаниялар арқылы өзге елге барып демалу үшін міндетті түрде әр адамның жеке коды болуы тиіс. Онсыз сатылған жолдамалармен шекара асу заңсыз болып есептеледі. Сондай-ақ, өзге мемлекетте қалып қойған туристерді Қазақстанға қайтаруға көмектесетін «Туристик қамқор» деген қор құрылды. Жаңа ұйымға туроператорлар тұрақты түрде ақша аударып отырады да, сол қаржыға туристі отанға оралуына жұмсалмақ.

Үкімет отандық туристердің қауіпсіздігіне көңіл бөлуге мәжбүр.  Өйткені, шетелге демалуға шыққан жұрттың бар ақшасын жинап алып,  тақырға отырғызатын туристік компаниялар көбейіп кеткен. Мәселен, соңғы жылдары  «Гүлнар тур», «Тревелсистем» сынды туроператорларға 12 мыңнан астам адам алданған болатын. Елімізде жылда қайталанатын осы  мәселені шешу үшін «Туристик қамқор» деп аталатын қор құрылды.

Темірғали Тырмышев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің директоры:

-Шетелге азаматтар жіберетін туркомпаниялар осы жүйенің мүшесі болып, әрбір жасасқан келісім шарттан белгілі бір ақша сомасын аудару керек болады. Ол ақшаның сомасы жоғары емес. Қазіргі күні 1060 теңгені құрайды. Осы қор есебінен туристерді қайтару қамтамасыз етіледі.

Яғни, қордағы ақша туристік компания арқылы шетелге демалуға кетіп, елге орала алмай жүрген туристерге көмектесуге  жұмсалмақ. Әзірге жиналған қаржы 180 миллион теңге. Бұл бірнеше ұшақты жалға алып, жолаушыларды тасымалдауға ғана жетеді екен.

Инна Рей, «Туристик қамқор» қорының төрайымы:

- «Туристик қамқор» қоры бұдан бөлек туристік компаниядан клиентке көрсетілетін барлық қызмет түрі жазылған код талап етеді. Әр туристің жеке коды болады. Шетелге кеткен адамға  сол құпия сан арқылы көмек көрсетеміз.

Қорға қазір 40 астам туристік компания тіркеліпті. Олардың барлығы  «Туристик қамқор»-ға әр клиент үшін 1060 теңгеден төлеп, код сатып алады. Онсыз берілген жолдама заңсыз.

Әсиям Кәрімова, туристік компанияның директоры:

-Турист үшін 1060 теңге үлкен шығын емес. Азаматтар артық ақша төлемейді, ол жолдаманың құнына кіреді. Ал бір айда 500 астам адамды шетелге жіберетін туристік компания үшін  ауыр болады. Бірақ бұл жүйе туристердің қауіпсіздігі үшін өте қажет.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде