{metadescription}
Атырауда Өтеуовтің хатында аты аталған полицейлерге үкім шықты
Атырауда Өтеуовтің хатында аты аталған полицейлерге үкім шықты

Атырауда Өтеуовтің хатында аты аталған полицейлерге үкім шықты

Атыраулық экс-полицей Манарбек Өтеуовтің хатында аттары аталған 8 полицейдің төртеуіне сот үкім кесті. Бұлардың барлығы да өз кінәларын мойындап, мемлекеттік айыптаушымен процессуалдық келісімге келген. Ал өзге 4 экс-полицейге қатысты үкімі ертең шығады деп күтілуде.

Нақтырақ айтқанда, аға анықтаушы Александр Ким мен анықтаушы Аслан Хайруллиннің әрқайсысы шартты түрде 2 жылдан арқаласа, жедел уәкілдер Азидолла Баянов – 2 жарым, Әли Қабдешев – 3 жылға бас бостандықтарынан айрылды. Айта кетейік, бұларға қатысты қылмыстық істің қозғалуына себепші болған – Манарбек Өтеуовтың өзіне 4 бап бойынша кінә тағылған болатын. Судья бұл жолы оны 5 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ оған мұның алдында кесілген 22 жыл сол күйі қалдырылды. Қылмыстық Кодекстің 6 түрлі ауыр бабымен айыпталған жалпы 9 полицейдің ісі 28 томды құраған. Ал бұлардың басшылары – Атырау қалалық криминалдық полиция бастығы Нұрболат Қабдешев пен аға жедел уәкіл Бейбіт Шалтеновтің ісі бөлек қаралып жатыр.

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.