{metadescription}
Ақтауда тура сабақ кезінде  мектептің шатыры ауыстырылып жатыр
Ақтауда тура сабақ кезінде  мектептің шатыры ауыстырылып жатыр

Ақтауда тура сабақ кезінде мектептің шатыры ауыстырылып жатыр

Осылайша қыстың күні қырауда мектептің төбесі ашық-шашық қалған. Сынып бөлмелерінің жылы емес екені айтпаса да түсінікті. Әрі мектеп ауласында құрылыс техникаларының арлы-берлі жүрісі де ата-аналардың алаңдатып отыр.

Білім мекемесінде 6 жыл бұрын жөндеу жүргізілгенімен, ғимараттың төбесі ауыстырылмай қалған. Соның салдарынан, биыл күзде шатырдан су сорғалыпты. Төбедегі су қазір де қар жауған сайын төменге ағып, мазаны алады. Ал ғимарат шатырын таң атпай бұзып алған құрылысшыларды көрген ата-аналардың мектеп басшыларына өкпесі қара қазандай. Балаларының денсаулығына алаңдаған жұрт қыстың күні қырауда аяқасты шатыр жөндеу ақылға қонымсыз дейді олар. Ал шатырды ауыстыру үшін бюджеттен 19 миллион теңгенің жуырда ғана бөлінгенін жеткізген мектеп басшылығы алаңдауға еш негіз жоқ деп отыр.

Әсия Бахтиярова, №2 мектеп директорының орынбасары:

–Мектепте жылу бар. Дәл қазір кабинеттерде 20-22 градус жылы. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.