{metadescription}
Алматыда жедел жәрдем қызметі  адамдардан жеңіл желпі сырқаты  үшін  көп мазаламауды    сұрады
Алматыда жедел жәрдем қызметі  адамдардан жеңіл желпі сырқаты  үшін  көп мазаламауды    сұрады

Алматыда жедел жәрдем қызметі адамдардан жеңіл желпі сырқаты үшін көп мазаламауды сұрады

Алматыда тұмауға шалдыққандар тағы көбейе бастады. Бұл жолы тіпті көп. Былтырғы желтоқсанмен салыстырғанда биыл қыстың бірінші айында дәрігердің көмегіне жүгінгендер қатары 6 есе өсіпті. Дегенмен, ақ халаттылардың тұрғындарға айтары бар. Олар қит етсе 103-ке қоңырау шалатын әдетті қою керек дейді. Өйткені дәрігер шақыратындардың көбі ауруханаға жатқысы келмей қалады екен.

Биылғы қыс алматылықтарды шетінен тұмауға шалдықтырып жатыр. Ауруханаға қатты ауырып түскендердің бірі – Перизат Мұрат. Ол жан сақтау бөлімінен жалпы бөлімге жуырда ғана ауыстырылған. Қатты ауырған кезінде ыстығы көтеріліп, әлсіреп, екі күн тұра алмай жатып қалыпты.

Перизат Мұрат, Алматы қаласының тұрғыны:

-Бастапқы кезде жөтеліп бастадым, одан кейін бірден температурам 40-қа дейін көтеріліп кетті. Одан кейін реанимациядан бір-ақ шықтым. Қазір жағдайым жақсы.

Қазір Алматының қай емханасында да дәрігерге келіп жатқандардың қарасы көп. Әсіресе, осы желтоқсан айында ем іздегендер қатарының күрт көбейгенін дәрігерлер растап отыр. Бір ғана қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына келіп қаралғандар саны былтыр бір айда небәрі 200-дің шамасында болса, биыл мыңнан асқан. Бірақ солардың көбі ауруханада қалдыратындай жағдайда емес дейді ақ халаттылар.

Тамара Отағанова, Алматы қаласы жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Ауруханаға тәулік сайын жүздеген адам келіп қаралады. Оның арасында 40 пайызы ғана ауруханалық емді талап етеді.

Яғни сәл ауырдым екен деп жедел жәрдемді шақыра берудің қажеті жоқ екен. Тұмаудың қоздырғыштары өршіп тұрған осындай маусымдық кезде жеңіл-желпі сұрақтармен мазалау дәрігерлерге үлкен кедергі дейді.

Тамара Отағанова, Алматы қаласы жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

-Аурудың жеңіл белгілерімен жедел жәрдем бригадаларын мазалай беретін болсақ қиын ғой.  Осы уақытта басқа науқасқа жедел жәрдем бригадаларының көмегі шұғыл түрде қажет. Сол кезде ол кедергі көрсетеді.

Қазіргі уақытта Алматыда жедел жәрдем қызметі тым қауырт жұмыс істеп жатыр. Мәселен, күн сайын дәл осы тұмау белгісімен 22 шақырту келіп түседі екен.

-Осы желтоқсан айында қала бойынша жедел жәрдем қызметін шақыртқандар саны былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 20 мыңға көбейіпті. Бірақ солардың арасында дәрігердің көмегіне шын зәру болып тұрғандары жартысына да жетпейді екен. Сондықтан жұрт аурудың алғашқы белгілері туралы біліп, жергілікті емханадан өзінше ем қабылдай беруі керек дейді дәрігерлер.

 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде