{metadescription}
Елімізде шенеуніктер арасында жаппай қысқарту болмақ
Елімізде шенеуніктер арасында жаппай қысқарту болмақ

Елімізде шенеуніктер арасында жаппай қысқарту болмақ

Мемлекеттік мекемелерде пара алушылардың саны күрт артуына байланысты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік, оларды шетінен жұмыстан шығарып, қалғандарының жалақысын арттырмақ.

Алик Шпекбаев,  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:

-Грузия, Молдавия, Шығыс-Еуропа сынды мемлекеттер жемқорлықтың деңгейін жою үшін ең алдымен жалақыны көтерген. Мысалы, Грузия еңбекақыны үш есеге арттырып, шенеуніктердің санын екі-үш есеге қысқартқан. Біз де осы мәселені қарастырып жатырмыз.

Шпекбаев егер шенеуніктердің жалақысын көтерсек, жемқорлық та жойылады деп отыр. Себебі мемлекеттік қызметкерлер табысы төмен болған соң жұрттан пара алады екен. Соңғы 2 жылда 2 мыңға жуық шенеунік  ауызбастырық алғаны үшін жауапқа тартылған. Енді агенттік жемқорлықты түбегейлі жою үшін мемлекеттік аппаратты 35 пайызға қысқартып, қалғандарының жалақысын екі есеге арттыруды ұсынып отыр. Қазір елімізде 99 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер бар. Мәселен, мұғалім, дәрігер мен ауыл шаруашылығы мамандарының орташа жалақысы 40-50 мың теңге. Сондай-ақ, агенттік жемқор мекемелердің қара тізімін жасапты. Биыл пара алудан полицейлер алдына жан салмаған. Кейінгі орындарда дәрігерлер, ұстаздар мен мемлекеттік сатып алуға жауаптылар тұр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

08 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.