{metadescription}
Мәселесі Үкіметте көтерілген Теміртау жұрты әлі жылусыз отырғанын айтып көмек сұрады
Мәселесі Үкіметте көтерілген Теміртау жұрты әлі жылусыз отырғанын айтып көмек сұрады

Мәселесі Үкіметте көтерілген Теміртау жұрты әлі жылусыз отырғанын айтып көмек сұрады

Мәселесі Үкіметте көтерілген Теміртау қаласы соңғы 2-3 күннен бері мүлдем жылусыз отыр. Тұрғындар оның алдындағы 20 шақты күнде де жылуды дұрыс алмаған. Ал жағдайдың мүлдем ушығуына «Арселор Миттал» компаниясына қарасты № 2-ші жылу электр орталығындағы апат себеп. Мұндағы 6 қазандықтың 3-уі істен шыққан. Мамандар оның бірін бүгін, екіншісін 30-шы желтоқсанда іске қосамыз деп сендірді. Бірақ ескі құрылғыларды жамап-жасқаумен Теміртаудың жылу мәселесін шеше алмайтынын шенеуніктер ашық айтып отыр. 

Роза Әбілованың қызы және немересімен бірге мына қуықтай бөлмеге тығылып отырғанына бір айға жуықтаған. Электр жылытқышының шамасы осы бөлмеге ғана жететіндіктен жел азынаған басқа бөлмелердің есігі тарс жабық. Ал батареялардың аты болмаса, баспананы жылытып тұрған олар жоқ. Бұл жағдай қазір Теміртаудың барлық тұрғынының басында бар.

Роза Әбілова, Теміртау қаласының тұрғыны:

-Бір апта бойы мұздай үйде отырдық. Қандай мереке біреу жөтеліп жатса, өзім күндізі стационарда жатырмын. Балам тоқтамай жөтеліп жатыр. Қызым денсаулығына байланысты үйде,ақша болмай қалады гой. Сондықтан қызуымен кетеді жұмысқа.

Кеңес одағы тарағаннан кейін комбинатпен бірге компания қарамағына өткен жылу орталығы сол жылдардан бері бірде-бір күрделі жөндеу көрмепті. Тек тұрғындары мен ғимараты жыл санап артқандықтан, ауыртпалық түсе берген. Енді мамандар қаланың барлығын жылытуға орталықтың қауқары жетпейтінін айтады.

Вадим Басин, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ жөндеу жұмыстары жөніндегі директоры:

-90- шы жылдары 6-шы ықшамаудан салынғанда-ақ, орталыққа қосымша 2 қазандық пен бір турбогенератор қою жоспарланған.Бірақ ол жасалмады. Компания қарамағына өткеннен бері ағымдағы жөндеу болмаса, модернизациялау жағы қолға алынбады. Қаланы жылумен қамтып отырған үлкен орталықты қайта жабдықтау біз үшін ауыр

Сондықтан биылдан бастап орталыққа қаражат құйып, қадамын ілгерілету үшін еліміздегі энергетикалық компаниялардың бірімен келіссөз жүріп жатыр екен. Енді келісім жасалса, жұмыстар келесі жылы басталмақ.

-«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы қайта-қайта істен шығатын қазандықпен қыс бойы алысуымыз мүмкін дейді. Себебі, кеңес кезінен бері күрделі жөндеу көрмеген құрылғылар тағы істен шығуы ғажап емес. Соныдақтан мәселенің шешімі кешенді түрде қолға алынбаса, қала тұрғындары әлі де жылудың зарын тарта беретін сыңайлы.  

Кеше

16 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде