{metadescription}
Сағынтаев жаңа жылда тұрғындарды жылусыз қалдырған әкімдермен жеке сөйлеспек
Сағынтаев жаңа жылда тұрғындарды жылусыз қалдырған әкімдермен жеке сөйлеспек

Сағынтаев жаңа жылда тұрғындарды жылусыз қалдырған әкімдермен жеке сөйлеспек

Жаңа жылда әр үйде жылу болсын! Бүгін премьер-министр мереке қарсаңында бүтін бір қалаларды жылусыз қалдырғандарды сынға алды. Бақытжан Сағынтаев әсіресе, Қарағанды облысының қысқа дұрыс қамданбай мейрам алдында жұртты бүрсеңдетіп қойғанына ашулы. Сондықтан тез-арада істен шыққан қазандықтарды жөндеуді тапсырған премьер, тұрғын үйлер мен балабақша, аурухана, мектеп секілді әлеуметтік нысандарды жылусыз қалдырған әкімдердің жеке-жеке жауап беретінін ескертті. Ал жаңа жыл қарсаңында елімізде бірқатар азық түлік бағасы өсуі мүмкін.

Бұл Үкіметтің биылғы соңғы отырысы. Осы әсер етті ме, көбі басқосудың тез аяқталғанын күтіп отырғандай. Оның үстіне министрлер кабинетінің мүшелері тым шаршаңқы. Дауыс беру бастырмасын таба алмай сасқалақтағандар да болды.

  • Жыл соңыда бәрі шаршап қажып қалған-ау. Техника жұмыс істеп ғой, сондықтан қол қалтырамау қажет.

Үкімет басшысы бұдан кейін облыс әкімдеріне шүйлікті. Жылыту маусымының алдында «бәрі тамаша» деп баяндама жасап, қыс ортасында жұртты жылусыз қалдырғандар премьер-министрден сөз естіп тынды. Әсіресе, Қарағанды облысындағы ахуал қиын. Теміртаудағы қазандықтар шетінен істен шығып, жұрт бүрсеңдеп отыр.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:

-Теміртаудағы үйлерге қашан жылуды толығымен бересіздер? Бүгін бе? Ертең бе? Нақты айтыңыз. Осы мәселені жыл соңына дейін созбай бір жақты қылуға болады ғой. Әбден мереке қарсаңында кінәліні іздеп жүрсіздер енді. Ал, зардабын халық тартып жатыр.

Сағынтаевтың сұрағына Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков кібіртіктей қойған жоқ. Премьермен интернет арқылы онлайн байланысқа шыққан аймақ басшысы қазандықтардың әбден ескіргенін алға тартып, екі-үш күнде жылу толық беріледі деп сендірді. Осы жерде Үкімет басшысы өзге облыс әкімдеріне де қазандықтарды күні-түні бақылауға алып, үйлерге жөнді жылу берілуін қадағалауды қатаң тапсырды.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:

-Мереке алдында жұртқа проблема тудырмаңыздар. Барлығы жаңа жылды жылы үйде отырып қарсы алғысы келеді. Сондықтан тым болмаса осы мереке күндері жылу беруді тоқтатып алмаңыздар.

Тек, жылуды ғана емес, облыс әкімдері республикалық тас жолдар мен азық-түлік бағасын да бақылауға алуы тиіс. Өйткені, Ұлттық экономика министрі нан, шай, жұмыртқа, қант, тауық етінің қымбаттауы мүмкін екенін айтып отыр. Бағамен ойнағандарды премьер жаппай әшкерелеп, қатал жазалауға пәрмен берді.

-Сондай-ақ, осы Үкімет отырысында Ішкі Істер министрі елімізде арақ ішіп жасалатын қылмыстың саны 15 пайызға артқанын айтты. Ал, жаңа жылдың ішімдіксіз өтпейтінін ескерсек, статистиканы мереке күндері жасалатын бұзақылық бұдан да өсіруі мүмкін. Сондықтан полицейлер соңғы үш күннен бері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Яғни, қаңтардың төртіне дейін мыңдаған тәртіп сақшысы көшелердегі тәртіпті қадағалайды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

08 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.