{metadescription}
Елімізде пойыз билеттері қымбаттауы мүмкін
Елімізде пойыз билеттері қымбаттауы мүмкін

Елімізде пойыз билеттері қымбаттауы мүмкін

Жолаушылар тасымалдайтын компаниялар келесі жылы қосымша вагондар сатып алмақ. Және Астана, Алматыдан өңірлерге қатынайтын жаңа бағыттар ашылады екен. Соған байланысты жол жүру құны да көтерілуі мүмкін.

Әсет Асавбаев, ҚР Инвестиция және даму министрлігі, Көлік комитетінің төрағасы:

-Бірқатар бағыттар үшін тариф 3-7 пайызға дейін қымбаттайды. Ал үш жылдың ішінде қалааралық бағытта қатынайтын 15 пойызда билет бағасы көтерілмейді. Құнды ұстап тұру үшін мемлекет 22 миллиардтан астам теңге субсидия бөліп отыр.

Сондай-ақ, жаңа жылдан еліміздегі темір жол вокзалдарында қатаң тексеріс басталады. Террористік қауіп-қатерге байланысты 16 вокзалда бақылау күшейтілмек. Яғни, мамандар кіре берістен тұрып әр жолаушың өзін, сөмкесін ашып тексереді. Ең алдымен Алматы, Астана, Ақтөбе мен Қарағандыдағы темір жол вокзалдары жіті бақылауда болады. Кейін кезең-кезеңмен өзге да вокзалдарға жетеді. Көлік комитеті қазір 56 құрылғы сатып алып, аймақтарға таратып жатыр екен.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде