{metadescription}
Теңгенің орыс  рубліне шаққандағы бағамы  құлдырады
Теңгенің орыс  рубліне шаққандағы бағамы  құлдырады

Теңгенің орыс рубліне шаққандағы бағамы құлдырады

Теңге тағы да әлсіреді. Бұл жолы ұлттық валютамыздың Ресей рубліне шаққандағы бағамы күрт құлдырады. Яғни қазір ақша айырбастау орындарында бір рубль 5 теңге 50 тиыннан сатылып жатыр.

Осылайша көрші елдің ақшасы жыл соңына қарай жылдам күшейіп келеді. Мұны сарапшылар бірнеше жағдаймен байланыстыруда. Біріншіден, Ресей валютасы нарыққа бейімделген. Яғни салық төлемдерін жүргізу үшін жыл соңында рубльге деген сұраныс артып, соның есебінен қымбаттауы мүмкін. Екіншіден, рубль бағамына доллардан бөлек еуро да әсер етеді екен. Еуроодақ валютасының соңғы уақытта біршама әлсірегенін ескерсек, орыс ақшасының күшеюіне негіз бар дейді қаржыгерлер. Алайда бұл біз үшін қуанатын жағдай емес. Өйткені рубльдің қымбаттауы еліміздің экономикасына айтарлықтай зиян келтіріп, инфляция деңгейінің өсуіне ықпал етуі мүмкін. Яғни, бірінші кезекте Ресейден келетін тауарлар қымбаттайды. 

Ғалым Құсайынов, сарапшы:

-Ресей - біздің ең негізгі сауда серіктесіміз. Сондықтан рубль күшейген сайын теріскейден тасымалданатын тауарлардың бағасы қымбаттайды. Тиісінше, елдегі инфляция деңгейі өседі деген сөз. Ал бұған жол бермеу үшін Ұлттық банк қандай да бір шара қолданады деп ойлаймын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде