{metadescription}
Павлодарда сатушыны соққыға жыққан қарақшы камераға түсіп қалды
Павлодарда сатушыны соққыға жыққан қарақшы камераға түсіп қалды

Павлодарда сатушыны соққыға жыққан қарақшы камераға түсіп қалды

Павлодарда дүкен сатушысын аяусыз ұрып-соғып, кассадағы ақшаны алып кеткен ер адам іздестірілуде. Бетін тұмшалап алған қарақшының бұл әрекеті дүкендегі бақылау камерасына түсіп қалған.

Медициналық бетперде таққан жігіттің дүкенге кіріп, сатушы әйелді соққының астына алғаны мына кадрларда анық көрінеді. Еденге құлаған дүкеншіні есінен танғанша сабаған бұзақы кассадағы 40 мың теңгені алып, ізін суытқан. Полицейлер қазір бақылау камерасына түсіп қалған бұл бейнені зерттеп, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тонау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қаскөй табылған жағдайда 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.