{metadescription}
Алматы метросында күзет күшейтілді
Алматы метросында күзет күшейтілді

Алматы метросында күзет күшейтілді

Қысқы Универсиада қарсаңында жер асты жолындағы қауіпсіздік қатаң бақылауға алынбақ.

Яғни әр бекеттің кіре берісіне арнайы қондырғылар орнатылып, жолаушылардың сөмкелері жіті тексерілуде. Тіпті қазірден бастап мамандар метроға кіріп-шыққандарды түгелдей рентген аппаратынан өткізіп жатыр. Ал тәртіпке мойынсұнғысы келмейтіндер жер асты жолына жіберілмейді. Мұның барлығы қала тұрғындары мен туристердің қауіпсіздігін сақтау үшін жасалып отыр дейді мамандар. Өйткені бұған дейін метро арқылы суық қару мен оқ-дәрі алып өтпек болғандар да кездесіпті. Сондықтан осындай оқыс жағдайлардың алдын алу үшін қауіпсіздікке көп көңіл бөлінуде.

Ажар Хабиева, «Метрополитен» КМК баспасөз хатшысы:

-Жолаушыларды тексеру көп уақыт алмайды. Сондықтан бұл шараға қала тұрғындарын түсіністікпен қарауға шақырамыз. Тіпті жерасты жолында көп уақыт жоғалтпас үшін мобильді қосымша шығардық. Сол арқылы пойыздардың жүріп-тұру кестесін бақылап, уақыт үнемдеуге болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.