{metadescription}
Алматыда туған ана мен баққан ана балаға таласып жатыр
Алматыда туған ана мен баққан ана балаға таласып жатыр

Алматыда туған ана мен баққан ана балаға таласып жатыр

Меңлібаевтар отбасы туа сала тірі жанға керегі болмай қалған сәбиді бөбектер үйінен асырап алған екен. Алайда екі жыл өткенде аяқасты анасы пайда болыпты. Перзент дауы сотқа да жеткенімен, ондағылар да сәбиді кезінде тастап кеткен өз анасына қайтарып беруді ұйғарыпты. Ал асырап алған баласын ешкімге де бергісі келмеген әйел енді не істерін білмей, көпшіліктен көмек сұрап отыр.    

-Баланы бермейміз! Бала біздікі! Бала бізбен қалады...

Ұлын құшақтаған Гүлжан оны қасынан бір елі тастамайды. Құрсақ көтере алмай, тастанды шақалаққа мейірімін төккен келіншек енді әне-міне сол көз қуанышынан айырылғалы тұр. Өйткені, сонау перзентханада тастап кеткен анасы арада екі жыл өткенде баланы қайтарып алмақшы. 

Гүлжан Қилыбаева:

-Бұл менің балам! Асыранды бала емес бұл! Бұл мен өз балам үшін күресем аяғына дейін. Мен қанша рет сот орындаушылардан қашып кеттім баланы көтеріп. Олардың да адамгершіліктері жоқ екен.Заң күшіне енсін! Түсінбейді! Баламен қашып жүрмін қазір шыны керек!

Сот та сол әйелді қолдап, бала қайтарылсын деп шешіпті. Тек ол үшін асыраған ата-ананы құқығынан айыру керек екен. Ол жөнінде сот отырысы төрт аптадан кейін басталмақ. Жатырын жарып шықпаса да, балаға бауыр басып қалған анаға тіпті басқа бала асырап алуды да ұсыныпты. Алайда Гүлжан өзі атын азан шақырып қойған ұлынан айырылғысы жоқ.   

Гүлжан Қилыбаева:

-Маған айтады басқа баланы ала салсайшы дейді? Қалай аласың? Бұл тірі адам ғой? Қалай тастай саласың? Күшік емес бұл тастай салатын. Бір рет тастап кетті, біз тастасақ бұл бала не болады қайтадан? Балапанымызды бізден тартып алмаса екен деймін.

Гүлжанның айтуынша, кішкентай Сейділда тастап кеткен шешесін күтіп перзентханада екі ай жатыпты. Одан қалды, қамқоршылық мекемесіндегілер әйелге тағы да мүмкіндік беріп, оны 3 ай бөбектер үйінде ешкімге бермеген екен. Бірақ кіндігі оралып, әрі миына қан кетіп туылған сәбиді іздеп сол күйі ешкім келмеген.

-Мынау кім?

-Әке!

-Ал мынау кім?

-Мама!

Асырап алған отбасының оны емдетпеген жері жоқ. Сырқатынан айыққан Сейділда қазір ата-анасының қасында асыр салып ойнап жүр.     

Бақыт Меңлібаев:

-Ойымыз «осы баланы алып қоймаса екен, алып қоймаса екен». Сот болып жатыр, соттан сот, соттан сот. Әр әке, әр шеше қалай сезінеді өзін мұндай жағдайда?

Баланы туа сала кезінде тастап кеткен шешесі қазір оның тұрып жатқан үйіне дейін біліп алған. Күнара осында туыстарымен келіп, жанжал шығаратын көрінеді. Сондай соңғы жағдайлардың бірі тіпті төбелеске ұласа жаздапты. Салдарынан сәби шошынып қалған. тумаса да баланы туғанындай тәрбиелеп, енді одан айырылғалы жатқан ата-анасы бар үмітін енді апелляциялық сотқа артып отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде