{metadescription}
Семейде жүзге жуық баланы астан улаған мектеп асханасының меңгерушісі жазадан құтылды
Семейде жүзге жуық баланы астан улаған мектеп асханасының меңгерушісі жазадан құтылды

Семейде жүзге жуық баланы астан улаған мектеп асханасының меңгерушісі жазадан құтылды

Былтыр көктемде қаладағы 47-ші мектептің оқушылары тамақтан уланып, жаппай ауруханаға жатып шыққан болатын.

Тексеріс кезінде ас ішетін табақтардың хлор қоспасымен жуылғаны анықталды. Соның кесірінен 94 баланың денесі бөртіп, өздерін жайсыз сезінген. Осыдан кейін асханадан аластатылған кәсіпкердің ісі сотқа жеткен еді. Алайда 31 жастағы Меруерт Шахантаева ешқандай жазаға тартылмайтын болды. Өйткені ол тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа ілігіп отыр. Тіпті қазір ол кәсібін Семейдегі 33-ші мектепте жалғастырып жатыр екен.

Зухра Райымханова, судья:

-Меруерт Шахантаеваны ҚР ҚК 304-бабы, 1-бөлігімен қаралған қылмыстық іс ҚР 2016 жылғы 13-желтоқсандағы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңының 2-бабы 1-бөлігі негізінде қысқартылсын. Сотталушы қылмыстық жауаптан босатылсын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.