{metadescription}
Өскеменде сілеусін жұртты шошытты
Өскеменде сілеусін жұртты шошытты

Өскеменде сілеусін жұртты шошытты

Өскеменде балабақшаға кіріп кеткен сілеусін бүлдіршіндер мен қызметкерлердің зәре-құтын қашырды. Жабайы аңды бірінші болып көрген аула сыпырушы жедел полиция шақыртып, өзі тасаға тығылыпты. Сілеусінді ұстап, торға қамау үшін тәртіп сақшыларымен бірге зообақ қызметкерлері де келген.

Мысықтұқымдас жануар ұзақ уақыт ашыққан болуы керек, әбден әлсіреп қалыпты. Қазір кішкентай сілеусінді мамандар барынша көп тамақтандыруға тырысуда. Бірақ оны аулау кезінде аң азуын көрсетіп жұртты әлекке түсірген. Құдай сақтап, бүлдіршіндер оның көзіне ілікпепті. Қазір зообаққа әкелінген кішкентай жыртқыш әдетіне басып ойнақтап жүр. Оның жанында тағы бір сілеусін бар екен. Бірақ, екі аңның басы сыйыспайтын болған соң үлкендеу сілеусінді зообақ қызметкерлері бөлек торға қамапты. Ал жыртқыш қалаға ашыққан соң кіріп кеткен болуы мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде