{metadescription}
Елімізде тіркеуге тұрмағандарға  наурыздан бастап жаппай айыппұл салынады
Елімізде тіркеуге тұрмағандарға  наурыздан бастап жаппай айыппұл салынады

Елімізде тіркеуге тұрмағандарға наурыздан бастап жаппай айыппұл салынады

Бір жарым ай ішінде тіркеуге тұрып үлгеру қажет! Өйткені полицейлер уақытша тіркеусіз жүргендерге наурыз айының ортасынан бастап жаппай айыппұл салуды бастайды.

Серік Сайынов, ІІМ Көші-қон полициясының департамент бастығы:

-Жақында тіркеуге қатысты заңға өзгерістер енген болатын. Ол, келесі айда қаралып, шамамен наурыздың ортасында күшіне енуі тиіс. Сондықтан сол уақытқа дейін тіркеусіз жүргендерге әзірге шара қолданылмайды.

Кейін өзге қалада уақытша тіркеусіз он күннен артық жүргендер жаппай әшкереленіп, айыппұл арқалайды. Оның көлемі 16 мың теңге екенін айта кетейік. Ал, осы уақытқа дейін еліміз бойынша 430 мыңнан астам адам тіркеуге тұрып үлгеріпті. Оның 240 мыңы өзге қалада жүргендіктен уақытша тіркеуге тұрғандар. Қалғаны тұрғылықты жері бойынша тіркелгендер. Қазір еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарында сәл де болса, кісі қарасы азайған. Оның үстіне үйден шықпай онлайн тіркелуге мүмкіндік бар. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде