{metadescription}
Науқастардың қалтасын қағуға үйреткен бас дәрігердің кім екені анықталды
Науқастардың қалтасын қағуға үйреткен бас дәрігердің кім екені анықталды

Науқастардың қалтасын қағуға үйреткен бас дәрігердің кім екені анықталды

Қалтасын қақпай, науқасты емдеудің қажеті жоқ! Еліміздегі емдеу мекемелерінің бірінде басшы өз қызметкерлерін осылай үйретіп жүр. Видеосы әлеуметтік желілерде тарап, аты шыққан Алматыдағы №7 клиникалық аурухананың бас дәрігері екен.

-Для этого вам нужны платные больные. Человека, который пришел на аппендэктомию, нужно полностью "прокрутить". Ставьте черепно-мозговую травму - вытащить из анамнеза, отправить на КТ, на консультацию невропатолога и так далее и тому подобное. Крутите больных!

Желіде енді тараған жазба 2015 жылы №4 ауруханада жасалыпты. Қол астындағы қызметкерлерге мүмкіндігінше науқасқа түрлі анализдерді тағайындауға кеңес беріп жатқан Әнуар Аманов сол кезде басшы болған. Бас дәрігер бір апта ішінде науқастардан түскен ақшаға көңілі толмай, жиналыс ашып қарамағындағыларды сөгіп жатқан сыңайлы. Аманов одан кейін Алматының №7 ауруханасына қызмет ауыстырған. Қазір бұл іс бойынша арнайы жұмыс комиссиясы құрылып, Әнуар Аманов уақытша қызметінен шеттетілген. Мұндай жағдайлардың жиі кездесетінін дәрігерлердің өздері де жасырмай отыр. Денсаулық сақтау саласының білгірлері қазір ротация бағдарламасының аясында ауруханалар мүмкіндігінше науқастан көбірек ақша шығаруды көздейтінін ашық айтты.

Ізбасқан Аймағанбетов, Денсаулық сақтау ісінің үздігі:

-Ауырған адамға пайдасы тиетін дәрілерді жазып беру керек. Сосын оның тағы бір кемшілігі бар. Бұрын дәріхананың барлығы үкіметке қарады ғой, ал қазір барлығы жекеменшік. Сосын кейбір дәрігерлер рецепт жазғанда белгілі дәріханадан сатып ал деп айтады. Сыбайластық бар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.