{metadescription}
Интернетте оқушыларды суицидке итермелейтін сайттар пайда болды
Интернетте оқушыларды суицидке итермелейтін сайттар пайда болды

Интернетте оқушыларды суицидке итермелейтін сайттар пайда болды

Әлеуметтік желі суицидке итермелейді!Ғаламторда жасөспірімдерді 50 күннің ішінде өлтіріп тынатын топтар қызу талқыға түсуде. Өз-өзіне қолсалуға әкелетін ойын еліміздегі ата-аналардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Өйткені Ресейде бастау алған «Тихий дом», «Море китов» деп аталатын қауіпті ойындарға қызығушылар саны артқан. Тіпті соларға беріліп, өз тамырын кескен балалар анықталуда.

Зума Абдуллаева – жасөспірім қызын суицидке апарар жолдан дер кезінде арашалап қалғандардың бірі. Ол перзентінің қауіпті топқа мүше болып, ойынға берілгенін көпке дейін білмеген.

Зума Абдуллаева, Алматы қаласының тұрғыны:

 - Бір күні қызымның қол тамырының жарақаттанғанын байқап, мән-жайды сұрадым. Ол өз тамырын өзі кәдімгі сызғышпен кесіпті. Қызымды бұған не итермелегенін де білдім. Содан бері оның әлеуметтік желідегі парақшасын қатаң бақылаймын.

Сөйтсек, 16 жастағы Диананы ойынға «Вконтактедегі» өлімге жетелейтін топтың өзі шақырыпты. Солардан келген жеке хабарламадан соң, ол ойланбастан қауіпті ойынның мүшесі болып шыға келген.

Диана: 

-«Мен сенің жеке китіңмін. Ойын ойнайық» деген хабарламалар бірінен соң бірі келді. Шарт бойынша, ол маған тапсырма береді. Мен оны орындап, күнбе-күн фото, видео түрінде есеп беріп отыруым керек.

Қатысушының өз-өзіне жарақат салуы 50 күнге созылатын ойынның бастамасы ғана.  Ал соңы суицидпен аяқталады. Жеңіс те осы екен.

-Талай ресейліктің өмірін қыршынынан қиған ойын біздің елде де етек алып барады. «Инстаграм» мен «Вконтактедегі» суицидке итермелейтін қай топты ашсақ та, белсенді қазақстандықтар толып жүр. Кейбір жасөспірімді топ жетекшілері шақырса, кейбірі қауіпті ойынға өздері қызығады екен.

Жастарды «Тихий дом», «Море китов» деп  аталатын ойындарға тартатын топтардың санында да шек жоқ. Кейбірінде суицид туралы ашық жазылады. 

Раушан Кәрімова, психология ғылымдарының докторы:

-Ойынға негізінен 9-13 жас аралығындағы жеткіншектер тартылады. Дәл осы кезде олар өте ерме болады. Ұйымдастырушылар психологиялық тұрғыда әлсіз балалардың жанды жерінен ұстай біледі.

Сондықтан баланы жіті қадағалау керек дейді психологтар. Ал қауіпті топтар елімізде бірінен соң бірі бұғатталуда. Бірақ бұл топ ашатындарға тосқауыл болмай тұр.

Александра Алехова, журналист: 

-Адвокаттармен бірігіп, Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурадан суицидке апаратын топтарға қатысты ақпарат сұрадық. министрлік прокуратура айналысады деп жауап берді. Ал Бас прокуратура керісінше министрлікке сілтеді.

Былтыр депутаттар 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге кіруіне заңмен тыйым салу туралы бастама көтерген болатын. Бірақ ондай шара әлі қабылданған жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.