{metadescription}
Үйінен миллион доллар ұрлатқан қарағандылық ректор қыруар қаржыны қайдан алғанын айтты
Үйінен миллион доллар ұрлатқан қарағандылық ректор қыруар қаржыны қайдан алғанын айтты

Үйінен миллион доллар ұрлатқан қарағандылық ректор қыруар қаржыны қайдан алғанын айтты

Онымен қоса 23 миллион теңгенің әшекейлері де сұғанақтардың қолында кеткен екен. Бұның барлығы маңдай тер, табан етіммен тапқан ақша деп отыр Орталық Қазақстан академиясының басшысы.

Тілшілермен арнайы кездескен Бақтыбай Жүнісов үйінен ұрланды делінген фаберже жұмыртқасы туралы да айтып берді. Яғни, қызу талқыланған жұмыртқа фаберженікі емес, сол бренд бейнеленген монета екен. Ректордың үйіне түскен 3 ұры өткен айда 10 жылға дейін сотталған болатын. Сұғанақтар 1 миллион 160 мыңды долларлай және талай алтын әшекейді қолды қылған. Бірақ, бұған қынжылып отырған ректор жоқ. Жеке университеті бар Бақтыбай Жүнісов, қазір бірнеше жоғарғы оқу орныменн қатар қонақүйлерді де басқарып отыр.

Бақтыбай Жүнісов, Орталық Қазақстан академиясының ректоры:

-Қонақүйлерім, кафелерім бар, оның бәрін елге жайып айта бермеймін ғой. Өзімнің тірлігім ғой. Мен ауылдың баласымын. Маған көктен ештеңе түсіп жатқан жоқ. 2 жылда ғана 30 миллион салық төлеппін, ал менің шаруашылықтарым, жаңа санасам 100 милионнан аса салық төлепті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде