{metadescription}
Универсиада: Қазақстан құрамасына алғашқы алтын түсті
Универсиада: Қазақстан құрамасына алғашқы алтын түсті

Универсиада: Қазақстан құрамасына алғашқы алтын түсті

Алғашқы 2  алтын қанжығада! Универсиаданың екінші күні Қазақстан құрамасы осылайша екінші орынға көтеріліп отыр. Спортшылар алтын-күмісі аралас 8 медаль еншілеген. Ал бірінші алтынды биатлоншылар салды. Тауда таңертеңнен қар жауып, қалың тұман басса да, Алина Райкова қарсыластарын шаң қаптырды. Фристайлшылар да жарап тұр. Кеше ғана қоржынымызға күміс пен қола медаль салған спортшылар бүгін командалық ойында топ жарып, алтын олжалады.

-Бірінші алтынды биатлоншылар салды! Алина Райкова екі рет мүлт кеткеніне, әрі тауда қалың қар жауып, қалың тұман басқанына қарамастан, 11 мемелкеттен келген 34 спортшыны артта қалдырып, алтыннан алқа тақты.

Ақмолалық биатлоншы жеке-дара жарыста 15 шақырымды жүріп өтіп, өзге спортшылардан оқ бойы озып шықты. Бұл ойын түрінен күміс те біздің құрамада. Галина Вишневская асқан мергендігімен танылып, екінші орынды жеңіп алды.

Айталап Құрғамбаев, Қазақстан биатлоншылар одағының вице-президенті:

-Ресейден, Украина, Словакиядан келген мықты спортшылармен тайталастық. Ақмола  облысының спортшысы Райкова Шығыс Қазақстаннан  Галина Вишневская 1-2 орынды алып беріп отыр. Қуанышта шек жоқ.

Жарыстың алғашқы екі күнінде де фристайлшылар жарап тұр. Кеше қоржынымызға күміс пен қола медаль салған спортшылар бүгін тағы алтыннан алқа тағынды. Фристайлдан жұптасып өнер көрсеткен Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек ақтық сында қарсыластарын қапы қалдырды. Ал екінші және үшінші орындарда қытайлық фристайлшылар. Кеше алғашқы медальді алып қуантқан Анна Шевченко да бүгін жарыс жолына түсіп, екінші қоласын жеңіп алды.

Қола жүлделер легі мұнымен тоқтаған жоқ. Конькимен жүгіруден Екетарина Айдова үздік үштіктен көрініп, төртінші қоланы қоржынға салды. Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте екінші орынға көтеріліп отыр. Біздің қоржынымызда 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль бар. Көш басында 8 алтын еншілеген ресейлік спортшылар тұр. Ал үшінші орында Қытай құрамасы. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде