{metadescription}
БҚО-да көшеде дәрет сындырған полицей қызметінен қуылуы мүмкін
БҚО-да көшеде дәрет сындырған полицей қызметінен қуылуы мүмкін

БҚО-да көшеде дәрет сындырған полицей қызметінен қуылуы мүмкін

Көшеде дәрет сындырған тағы бір тәртіп сақшысы жұрттың көзіне түсті. Бұл жолы ерсі қылығымен танылған - Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласындағы полиция қызметкері. Ол тура көпқабатты тұрғын үй мен балабақша ортасында кіші дәрет сындыруды жөн көріпті.

Оқиға куәгерлерінің бірі түсірген жазбада тәртіп сақшысының қисалаңдап тұрғаны да байқалады. Құлап қалмау үшін ол бір қолымен ағашты ұстап тұр. Ішкі істер департаментінде қызметкердің кім екенін дереу анықтады. Сөйтсе, Бөрілі аудандық ішкі істер бөлімінде жұмыс істейді екен. Өзге ақпарат әзірге айтылмай жатыр. Тек тәртіпсіз тәртіп сақшысының ісі бойынша қызметтік тексеріс басталғанын жеткізді. Айта кетейік, осындай жағдай былтыр Алматыда да болған. Ол кезде полицей көліктен шықпай-ақ сыртқа қарай дәрет сындырғаны үшін жұмыстан қуылған еді. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде