{metadescription}
 Қауіпті «Синий кит» ойынынан соң Ішкі Істер министрлігі интернетте бақылауды күшейтті
 Қауіпті «Синий кит» ойынынан соң Ішкі Істер министрлігі интернетте бақылауды күшейтті

Қауіпті «Синий кит» ойынынан соң Ішкі Істер министрлігі интернетте бақылауды күшейтті

Ата-аналарды шошытқан «Синий кит» және «Тихий дом» ойындарына байланысты еліміздің Ішкі істер министрлігі интернетте бақылауды күшейтті. Ұл-қыздардың психикасын зақымдап, суицидке итермелейтіндерді полицейлер аңдуға көшкен.

Көрші Ресейден келген қауіпті ойындар негізінен «Вконтакте» және «Инстаграм» әлеуметтік желесінде кеңінен таралған. Онда қаскөйлер негізінен 9 бен 13 жас аралығындағы ұл-қыздарды таңдап алады екен. Сөйтіп, олардың әлеуметтік парақшасына жазылып, 50 тапсырманы орындауға мәжбүрлейді. Бас тартып жатса, мекен-жайын білетінін айтып, жақындарын өлтіреміз деп қорқытқан. Бұған алданған жасөспірімдер тамырына дейін кесіп, суретін ғаламторға салып жатыр. Соңғы тапсырма тіпті өзіне қол салу болғандықтан, көрші Ресейде 17 ұл-қыз суицид жасаған екен. Ал, елімізде мұндай қайғылы жағдайдың алдын алу үшін полицейлер ата-аналарға да балаларына бақылауды күшейтуге кеңес беріп отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.