{metadescription}
Оралда әкелі-балалы азаматтар 38 жылға сотталып кетті
Оралда әкелі-балалы азаматтар 38 жылға сотталып кетті

Оралда әкелі-балалы азаматтар 38 жылға сотталып кетті

Қызғаныш - қанды қылмысқа ұрындырған! Орал соты бүгін асқан қатыгездікпен кісі өлтірген әкелі-балалы азаматтарға үкім кесті. 33 жастағы Алексей Хватов өзінен 10 жас кіші өгей ұлымен қосылып әйелінің ашынасы деп күдіктенген ауылдасын тірідей өртеп жіберген.

Әйелін қызғанған Хватов пен баласы Берік Имановтың үйіне түн ортасында баса-көктеп кіріп, оңдырмай сабапты. Сөйтіп, оған да көңілдері көншімей жігітті қораға қамап, сыртынан бензин шашып от қойған. Негізі, Имановтан бұл екеуі бекер күдіктенген екен. Қызғаныштан көздері қанталаған екеу істің байыбына бармай, еш жазығы жоқ азаматты өлтіріпті. Сонымен, алқа билермен ақылдаса сот қатыгез ұлға 20, қызғаншақ әкеге 18 жыл жаза кесті. Айта кетсек, сотталушылардың бірі бұған дейін де 3 рет істі болған. Ал бұл жолы олар тек бас бостандығынан айырылып қана қоймай, марқұмның анасына моральдық шығын ретінде 1 миллион теңге өтеуге міндеттелді. Тек үкіммен екеуі де келісіп отырған жоқ.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде