{metadescription}
 Алматының қақ ортасында жабайы қарсақ жүр
 Алматының қақ ортасында жабайы қарсақ жүр

Алматының қақ ортасында жабайы қарсақ жүр

Көше кезген жыртқыш! 3 күннен бері Алматының қақ ортасында жабайы қарсақ жүр.Мекенінен адасқан хайуан Медеу ауданындағы бір кеңсенің маңайын паналап келген.

Алаңсыз жүрген қарсақты кеңсе қызметкерлері жексенбіде байқаған. Сөйтіп, оны тамақтандырып, жануарларды қорғаушыларға хабар беріпті. Бүгін құтқарушылар адасқан аңды ұстауға тырысқанымен, қарсақ қулығын асырып, қашып кетті. Бастапқыда көліктің астына тығылған ол, артынша үйлердің арасына кіріп, ізім-ғайым жоғалған. Сондықтан, қазір қарсақ қалада емін-еркін қыдырып жүрген болуы мүмкін. Жыртқыш адамдардан аса сескенбейді. Ал оның мұнда қайдан келгені түсініксіз. Жануарларды қорғаушылар хайуанды жақын арада ұстап, өзінің тіршілік ортасына жібереміз деп отыр.

Владимир Теплюков, аула сыпырушы:

- Демалыс күні жұмысқа келгенімде, мына жерден із көрдім.  Ал, күзетші қарсақ көргенін айтты. Бастапқыда оған сенбей, ит  шығар деп ойладым. Артынша аңды көріп,кәдімгі қарсақ екеніне көзім жетті.  

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.