{metadescription}
Ақтауда бүлдіршінді зорлаған педофил ұзақ мерзімге сотталды
Ақтауда бүлдіршінді зорлаған педофил ұзақ мерзімге сотталды

Ақтауда бүлдіршінді зорлаған педофил ұзақ мерзімге сотталды

6 жасар бүлдіршінді зорлаған педофил қылмысын ақыры мойындамады. Дегенмен, бұл соттың үкім кесуіне кедергі келтіре алған жоқ. Ақтаулық Виктория Мининаны айуандықпен өлтірген 32 жастағы азғын енді алдағы 25 жылын өмірін түрмеде өткізуі тиіс.

Азат Ізбасаров, Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:

-Айғақ заттардың арасынан Аржановтың  ДНК-сы табылды.

Бүлдіршінді айуандықпен азаптаған қылмыскер 4 бірдей бап бойынша кінәлі деп табылды. Сөйтіп, созбалаңға салынған іске нүкте қойылды. Айта кетсек, сотталушының өзі іс басталғалы түсініктемесін өзгертумен болған. Бастапқыда қылмысын мойындағанымен, артынша түрлі сылтаулар айтқан еді. Алайда, сараптамалар Валерий Аржановтың нағыз қылмыскер екенін дәлелдеп беріпті. Естеріңізге салсақ, ақтаулық Виктория Минина жазда аяқасты жоғалып кетіп, қала шетіндегі саяжайдан өлімші күйінде табылған болатын. Осы оқиғадан кейін қаршадай қыз 3 ай комада жатып, ақыры есін жимастан көз жұмған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде