{metadescription}
Жамбыл облысында қар көшкінінің астында қалған сарбаздарды  құтқару операциясы жалғасып жатыр
Жамбыл облысында қар көшкінінің астында қалған сарбаздарды  құтқару операциясы жалғасып жатыр

Жамбыл облысында қар көшкінінің астында қалған сарбаздарды құтқару операциясы жалғасып жатыр

Жамбыл облысында төтенше оқиға! Ақсу-Жабағылы қорығына кіретін Көксай шатқалына оқу жаттығуға барған бір топ сарбаз қар көшкінінің астында қалып қойды. 7 жауынгер қайтыс болған. 16 жігітті құтқарушылар қар астынан  аршып алып, бір өлімнен аман алып қалды. Оқу жаттығуға № 916/78 әскери бөлімінен 23 сарбаз аттанған болып шықты. 

-Құтқарушыларды аяғынан тік тұрғызған Жамбыл облысындағы төтенше жағдай түстен кейін болды. Көксай шатқалында оқу-жаттығу өткізіп жатқан Қорғаныс министрлігіне қарасты № 916/78 әскери бөлімінің сарбаздары қар көшкінінің астында қалған. 

Жамбылдың жеті кереметінің бірі саналатын Көксай шатқалына кеше қалың қар түсіп, соңы жаңбырға ұласқан екен. Табиғат тосын мінез танытқанда, бөлім басшылары бір топ сарбазды көлікке мінгізіп, оқу жаттығу жиынына алып келген. Алайда, аяқ-асты қар көшкіні жүріп 23 сарбазды басып қалды. Оның 7-нің өлі денесін құтқарушылар қардан әзер аршып алыпты. Қалғаны құтқарылған.

Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі: 

-Қар көшкіні туралы сол маңда болған қорықшы хабарлады. Шатқал мен Тараздың арасы 110 шақырым. Сондықтан құтқарушылар бірден оқиға орнына жете алмады. Қазір 80-ге тарта адам мен 7 техниканың көмегімен қарды аршып, астында қалғандарды іздеп жатырмыз. 

Дәл осы 916/78 әскери бөлімінің сарбаздары тура бір апта бұрын күре жолда камазбен аударылып, күллі елге аты шыққан еді. Апаттан 17 жауынгер зардап шегіп, 3-еуі жансақтау бөліміне жатқызылған болатын. Енді төтенше жағдайдан көз ашпаған бөлім жауынгерлерлері қар астында қалып отыр. 

Сол көшкіннің астында қалған сарбаздарды құтқаруға қазір облыс орталығынан көмек қолы тартылған. Бірақ, шатқалға апарар жолдың ұзақтығы мен қалың қар құтқару жұмысына кедергі келтіруде. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде