{metadescription}
Шығыста малдар бруцеллезге шалдығып жатыр
Шығыста малдар бруцеллезге шалдығып жатыр

Шығыста малдар бруцеллезге шалдығып жатыр

Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданында ірі қара жаппай бруцеллезге шалдығып жатыр. Былтырдан бері Шілікті ауылында 500-ге жуық сиырдан осы індет табылыпты. Алайда қолда бардан айырылған мал иелері осынша бас ірі қара ауру болып шықты дегенге сенбейді.

Тұрғындар осының барлығын жергілікті билік қолдан жасап отыр деп есептейді. Сондықтан ауру сиырларға қосымша сараптама жасалуын сұрап отыр. Өйткені жергілікті ветеринарлардың әр 15 күн сайын алған сынамасынан кейін қорада сау тұрған малдың өзі бруцеллезге шалдыққан болып шығады екен. Оның үстіне мұны ауылдықтарға бірінші болып мамандар емес, сырттан келген сатып алушылар естіртетін көрінеді. Сондай-ақ, мал иелері бұзаулы сиырлардың 50 мың теңгенің төңірегінде саудаланып жатқанына наразы. Тіпті тұрғындарға оның сүті мен етін сатуға да тыйым салынған. Олар бұл бруцеллезді сылтауратып малды арзанға алу үшін ауызжаласып жасалған әрекет пе деп қауіптенеді. Ал жергілікті билік өкілдері ауру мал етінің арнайы орында сойылып, базарларға жіберіліп жатқанын айтады.

Құрмет Сағиев, Шілікті ауылдық аймағының әкімі:

-Ең бастысы округтен оқшаулау жұмыстары жүріп жатыр. Оның алды, Зайсан ауданының базарына, Өскемен базары мен Алматы жаққа кетуде. Тек қана бұл өзіміздің сою цехы арқылы жүзеге асуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.