«Қара генерал» ісіне соңғы нүкте қойылды! Бүгін Алматыда қалалық қаржы полициясының бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты. Қылмыстық топ құрып, арам жолмен келген ақшаны заңдастырды, пара алды деп айыпталған Әмірхан Аманбаев енді 14 жылын түрмеде өткізуі тиіс.
Алматыда генерал Аманбаев пен оның сыбайластарынан зәулім үймен тікұшаққа дейін тәркіленді
Алматыда генерал Аманбаев пен оның сыбайластарынан зәулім үймен тікұшаққа дейін тәркіленді

Алматыда генерал Аманбаев пен оның сыбайластарынан зәулім үймен тікұшаққа дейін тәркіленді

«Қара генерал» ісіне соңғы нүкте қойылды! Бүгін Алматыда қалалық қаржы полициясының бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты. Қылмыстық топ құрып, арам жолмен келген ақшаны заңдастырды, пара алды деп айыпталған Әмірхан Аманбаев енді 14 жылын түрмеде өткізуі тиіс. Генералдың 35 сыбайласы да бүгін әртүрлі жаза арқалады. Ал олардан тәркіленген дүние-мүлікте есеп жоқ. Зәулім сарайлар, элиталық пәтерлер, қымбат көліктер, гектарлаған телімдері, тіпті екі бірдей тікұшаққа дейін бар. Мұның сыртында жалған фирмалардың есеп-шоттарынан 20 миллиард теңге табылған.

Жемқорларға топ-тобымен үкім кесілетін Алматыдағы атышулы СИ-18 тергеу қапасы осы. Бүгін де мұнда ине шаншар орын жоқ. Өйткені, ағайын-туысты айтпағанның өзінде, айыпталушы орындығында 36 адам отыр. Ал басты айыпталушы – Алматы қалалық қаржы полициясының бұрынғы басшысы Әмірхан Аманбаев. Қылмыстық топ құрып, арам жолмен келген ақшаны заңдастырды, ірі көлемде пара алды деп айыпталған ол ендігі 14 жылын қатаң режимдегі түрмеде өткізуі тиіс.

Кеңшілік Әбділдинов, судья:

-Әмірхан Аманбаев 14 жылға бас бостандығынан айырылсын. Сондай-ақ, оның өмір бойы басшылық қызмет атқаруына тиым салынады. Бұдан бөлек 3-ші санатты әділет кеңесшісі шені мен «Құрмет», «Даңқ» ордендерін қайтарып алу туралы президент атына ұсыныс жолдансын.

Сондай-ақ, бүгін Аманбаевтың 35 сыбайласына қатысты да үкім шықты. Сотта олардың тек біреуі ғана ақталды. Ал басқалары әртүрлі мерзімге сотталып кетті. Ең ауыр жаза арқалағандардың бірі – Сергей Ильин. Ол өз кінәсін ішінара мойындағанымен қылмыстық топтың жетекшісі ретінде 16 жылға сотталды. Ал Аманбаев, тағылған айыптардың біреуін де мойындаған емес. Адвокаты да сотта нақты айғақтар болмады деген пікірде.  

Сәлімжан Мусин, Әмірхан Аманбаевтың адвокаты:

-Аманбаевтың ірі көлемде ақша алғаны дәлелденбеді. Тінту кезінде де одан қомақты қаржы табылған жоқ. Керісінше ол ақша Аманбаевқа қарсы түсінік берген бұрынғы қаржы полицейлерінен тәркіленді. Сондықтан сот шешімімен келіспейтінімізді айтып, апелляциялық шағым түсіреміз.

Апелляциялық алқаға жүгініп ақталып шығуға 35 сотталушының бәрі мүдделі. Өйткені осыған дейін шалқып өмір сүргендер бір-ақ күнде барынан айырылып отыр. Тәркіленген дүние-мүліктерді тізіп шығуға судья тіпті, бір сағаттан астам уақыт жұмсады.

Қылмыстық топтың заңсыз жолмен тапқан табысы 19 миллиард теңге. Бұл қыруар қаржы жалған фирмалардың есеп-шоттарынан табылған. Сондықтан бір ауданның бюджетіне пара-пар миллиардтар енді мемлекет меншігіне өтетін болды. Сондай-ақ, судья сотталушылардың дүние-мүлкін тәркіледі. Атап айтқанда олардың банк шоттарындағы миллиондар, қымбат көліктері, зәулім сарайлары тәркіленіп отыр. Тізімде тіпті тікұшақтар да бар. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.