{metadescription}
Астанада Сирияға қатысты өтетін келесі кездесудің күні белгілі болды
Астанада Сирияға қатысты өтетін келесі кездесудің күні белгілі болды

Астанада Сирияға қатысты өтетін келесі кездесудің күні белгілі болды

Сирияға қатысты Астанада өтетін келесі кездесудің күні белгілі болды. Кепіл беруші мемлекеттер: Ресей, Түркия мен Иран 14-15 наурызда Елордада қайта жүздесуді жоспарлап отыр. 

Бұл жолы тараптар оқ атуды тоқтату процесінің талаптарын бұзғандарды талқыламақ. Өйткені, сириялық оппозиция өкілдері келісімінің толық орындалмауына алаңдаушылық білдірген екен. Бұған дейін Астанада Сириядағы қанды қақтығысқа қатысты үш рет кездесу өткен болатын. Қарулы оппозиция өкілдері мен Сирияның Үкімет мүшелері және кепіл беруші мемлекеттер оқ атуды тоқтату бойынша келіссөздер жүргізуде. Әзірге нақты нәтиже жоқ. Сондықтан, Сириядағы сойқан да әлі жалғасып жатыр.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

-Сирия бойынша келіссөзге қатысушылар Астанадағы кездесудің нәтижесіне жоғары баға берді. Елордадағы кездесудің жақында Женевада өткен саяси мәселелержайындағы отырысқа да пайдасы тиді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде