{metadescription}
Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты жаңа дерек
Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты жаңа дерек

Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты жаңа дерек

Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты жаңа дерек! Бұрынғы Ұлттық экономика министрі бюджет ақшасын жымқырып қана қоймай, қызметін де ақылы түрде пайдаланған дейді тергеушілер. Яғни, теңгесін төлегендерге министрлік тарапынан қолдау жасап, тіпті заңсыз істерге дейін көрмегендей сыңай танытқан.

Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро олардың нақты кім екенін әзірге ашып айтқан жоқ. Белгілісі, заңды белшеден басқан экс-министрге қатысты тағы бірнеше бап бойынша іс қозғалған. Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев «Бәйтерек» холдингін басқарған кезде Қызылордадағы шыны зауытының құрылысына бөлінген қаржының миллиард теңгесін қалтаға басты деп айыпталуда. Бірақ ұлттық бюро, Бишімбаев қолды қылған ақшаның көлемі тағы артуы мүмкін деп отыр. Экс-министрдің өзі қазір тергеу изоляторында жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.