{metadescription}
Шымкентте дәрігерлер атыстан аман қалғандардың денсаулығы туралы айтып берді
Шымкентте дәрігерлер атыстан аман қалғандардың денсаулығы туралы айтып берді

Шымкентте дәрігерлер атыстан аман қалғандардың денсаулығы туралы айтып берді

Шымкенттегі бірнеше адамға оқ жаудырып, 14 жасар баланы жер жастандырған оқиғаға қатысты бүгін бір күдікті ұсталды. 26 жастағы жігіт Жамбыл облысының Қордай ауданында қолға түскен. Айта кетейік, қанды оқиға кеше кешке таяу болды. Сағат 5-тер шамасында теміржол маңына жиналған бір топ жігіттің арасында жанжал шығып, атыс басталып кеткен. Оқ тиген 14 жасар жасөспірім жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Ал жараланған 18 және 22 жастағы екі жігіт қазір ауруханада жатыр.

Қылмыспен аты шыққан Шымкенттегі ең қауіпті Ворошиловка ауылында атыс-шабыс таңсық емес. Десе де бірталайдан бері тыншығандай болған мекендегі мешіт маңында, кеше кешқұрым бірнеше рет атылған мылтық даусы естіліп, артынша жүгіре жеткен жұрт қансырап жатқан үш адамды тапқан.

Ботадай боздап отырған бұл азамат оқ тиіп мерт болған 14 жасар жеткіншектің әкесі. Ал, 18 және 22 жастағы тағы екі адам бірнеше жерден бытыра тиіп, ауруханаға жеткізілген болатын. Бүгін олардың беті бері қарады дейді дәрігерлер. 

Сәбит Байбосынов, Шымкент қалалық жедел-жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі;

-Арқасына атылған оқтың жарақаты,біреуі құйрық тұсы мен аяғының жарақаты. Алғашқы хирургиялық сұрыптау жасалды. Алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылу көрсеткіші болған жоқ. Сондықтан бірінші медициналық көмектен кейін науқастар жергілікті емхана жіберілді.

Жеткіншекті жер жастандырып, тағы екеуін жаралағандардың саны 4-еу екені белгілі болды. Олардың бірін полицейлер көршілес Жамбыл облысының Қордай ауданынан ұстаған. Ешжерде жұмыс істемейтін 26 жастағы күдікті бұрын да адам тонағаны үшін сотталған екен. Қазір одан өзге тағы үш күдікті іздестіріліп жатыр. Барлығы да – есірткі сатумен және қолданумен аты шыққан Ворошиловка ауылының тұрғындары.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі;

-Бұл ауыр қылмысқа себеп болған, сол арада таныс жігіттердің арасында осыған дейін жанжал болған, ұрыс-керіс. Және де күдікті азаматтар атыс қаруды пайдаланып, бір жасөспірімді өлтірген және де екеуіне әртүрлі дене жарақаттарын салды. 

Кісі өлтіру бабы бойынша іс қозғаған полицейлер, күдіктілердің шекара асып кетуі де мүмкін екенін де жасырмайды. Десе де тек кәсіби мамандардан құрылған шұғыл топ оларды жуық арада табамыз деп отыр. Ал, жастары көшеде қымсынбастан қару асынып, тапа-тал түсте кісі ататын Ворошиловкада осы оқиғадан соң ғана қылмыстың алдын-алу жұмыстары мықтап жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.