{metadescription}
Дәрігерлер патрульдық көлік қаққан баланың жағдайы туралы айтып берді
Дәрігерлер патрульдық көлік қаққан баланың жағдайы туралы айтып берді

Дәрігерлер патрульдық көлік қаққан баланың жағдайы туралы айтып берді

Алматыда баланы қызметтік көлігімен қаққан полицейлер жұмыстан қуылды. Ал зардап шеккен жеткіншекке ота жасалған. 10 жасар Даниилдың жол апатынан аяғы сынған болатын. Жағдайы қалыпқа келген бала қазір ауруханада ем қабылдап жатыр.

Оның жағдайын толық тексеруден өткізген дәрігерлер жарақатының орташа екенін айтты. Айта кетейік, жол апаты кеше болған. 4-ші сынып оқушысы Даниил Ковалев Жангелдин көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда оны полиция көлігі қағып өткен. Тәртіп сақшыларының түсіндіруінше, олар жол жүру ережесін өрескел бұзған көлікті қуып бара жатқанда жеткіншекті байқамай қалыпты. Ал дәрігерлер оның аяғының қашан бітіп кететін нақты айта алмай отыр. 

Нұржан Исабеков, Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы:

-Жіліншік сүйегінің екі сүйегі сынған. Соған байланысты қазір «скелетті вытяжение» деген операция жасалып, травматология бөлімінде жатыр. Біз осы 10-15 күн арасында рентген жасаймыз. Мына сүйектердің бір-бірімен жабысуы қалай, соған байланысты болжам бере аламыз тек содан кейін ғана.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде