{metadescription}
Алматыда құлдықта болған ресейлік ғалым еліне оралатын болды
Алматыда құлдықта болған ресейлік ғалым еліне оралатын болды

Алматыда құлдықта болған ресейлік ғалым еліне оралатын болды

Кезінде Қазақстанға ғылыми конференцияға келген 54 жастағы Юрий Образцовты әлдебіреулер ұрлап әкетіп, ауылда мал бақтырып қойған. Үш жыл бойы көрмегені қалмаған академик ақыр аяғы мүгедек боп, ақыл-есінен де адасыпты. Тек аты-жөнін ұмытпаған физик өзін күштеп ұстағандардан әзер қашып құтылған. Туыстары ендігі өлдіге санаған ғалым қазір туған жеріне тездетіп қайтуға асығып жатыр.                

Юрий Образцовтың қорқынышы әлі басылмаған. Жан-жағына жатырқай қараған физик-ғалым енді Ресейіне қайтқанша асығып тұр. Айтуынша, үш жыл бұрын Алматыдағы ғылыми конференцияға келген оны әлдебіреулер ұрлап әкетіп, содан бері малдың соңына салып қойған.  

Юрий Образцов:

-Теміржол бекеті маңында таксиге отырған едім. Күтпеген жерден ауылдан бір-ақ шықтым. Алғашында түк түсінгенім жоқ. Сөйтсем, мені ұрлап әкетіпті. 

Құлдыққа жеккендер оны үш жыл бойы аямай жұмсапты. Қарсы шыққан күндері басын күрекпен жарған. Құлағын жырып, мұрнын сындырып, өзін қорада ұстаған. Жолы болып қашып шыққан ресейліктің көп нәрсе есінде жоқ. Айтуынша, құл ұстаушылар әбден ұрып ақылынан адастырып жіберіпті.        

Юрий Образцов:

-Себеппен де, себепсіз де ұра берді. Малға дұрыс қарамасам тепкінің астына алатын. Тамақ беруді кейде ұмытып кетіп жүрді. Иттің табағынан қалғанды жеуге тура келетін.

Есінде тек аты-жөні және Новосибирск қаласынан келген ғалым екені  қалған. Құлдықтан әрең қашып құтылған оған тек мейірімді жандар көмектесіп, туған жеріне дереу хабар жіберіпті. Сөйтсе, академик алдамапты. Ұшты-күйлі жоғалған физикті туыстары табанынан таусылып іздеп, ендігі өлдіге де санаған екен.   

Павел Злобин, «Маяк» іздеу тобының жетекшісі: (Ресей)

-Юрийді іздемеген жеріміз жоқ. Туыстары оны өлдіге санап, үмітін үзген. Күні кеше тірі екенін естіп, төбелері көкке жетті. Өкінішке орай, жоғалғандардың бәрі бұлай табыла бермейді. Сондықтан, оның аман-есен табылғанына бәріміз таңқалып отырмыз.

Ауылда қой бағып, құлдыққа жегілген академик енді бірер күннен кейін отбасына оралатын болды. Ресей консулының өзі Юриймен кездесіп, құжатын бір күнде жасап берді.       

«Үш жыл бойы құлдықта болдым» деген Ресей азаматы үш күннен кейін «Алматы-Новосибирск» әуе рейсімен еліне қайтады. Ал өзін құл қылғандардың атын, ауылдың атауын академик нақты айта алмай отыр. Есінде тек «Исмаил, Вова» деген екі есім ғана қалыпты. Айтуынша, ол екеуі де әлгілер күштеп ұстап отырған құлдар екен. Бұл іспен қазір полиция айналысуда.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде