{metadescription}
Алматыда тасқын жүрген аудан тұрғындары жол азабын тартып жүр
Алматыда тасқын жүрген аудан тұрғындары жол азабын тартып жүр

Алматыда тасқын жүрген аудан тұрғындары жол азабын тартып жүр

Селмен келген сергелдең бітер емес! Алматыда тасқын жүрген аудан тұрғындары табиғат апатының зардабын әлі тартуда. Сол кезде өзеннің арғы бетінде орналасқан 20-дан астам үйдің әрі-бері өтетін жалғыз көпірінің тас-талқаны шыққан. Содан бері, жұрттың өз үйіне кіріп-шығуы қиямет-қайымға айналыпты. Қанша уақыт өтсе де аралда қалғандардың шағымын ешкім құлаққа ілмеген. Сел кезінде көпір салып береміз деген шенеуніктер де содан қайтып төбе көрсетпеген.

Түн ортасында Қарғалы өзені тасып, Наурызбай ауданындағы бірнеше ауылды топан су басқаны көптің есінде. Жүздеген үй, бірнеше көпір бүлінді. Сол кезде өзеннің келесі бетінде тұратын Қарағайлы ықшамауданы тұрғындардың ары-бері өтетін жалғыз көпірі де қираған болатын.

- Содан бері бақандай 3 жылға жуық уақыт өтсе де, мұнда көпір салынбапты. Ал, мұның зардабын жолдың арғы бетіндегі 20-дан астам үй тартуда. Тұрғындар өз баспаналарына кіру үшін немесе керісінше, қалаға қарай шығу үшін мынадай қауіпті жолмен жүріп өтуге мәжбүр.

Бала-шағадан бастап, еңкейген қарияға дейін күнде осылай өз өмірін тәуекелге тігеді.

Мұратбек Қоғашев, Алматы қаласының тұрғыны:

- Қыстың күні талай домалап құлаған кездеріміз де болды. Әр жағынан келейін десе, әр жағында да жол жоқ. Көпір жоқ. Бір бірімізді арқалап өтеміз.

Ал, белшеден лай кешу бұл тұрғындар үшін үйреншікті жағдай. Өзге емес, өз үйіне машақатпен кіретіндер, көліктерін жол жиегіне тастайды.

Күләш Құлымбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

- Жедел жәрдем  келмейді. Құдай бетін әрі қылсын,өрт шықса көліктер де кіре алмайды бұнда. Бізді адам ретінде санамайды ешкім.

Қозғалысы қиындаған жұрт өз күштерімен көпір тұрғызуға да тырысыпты. Тек әкімдіктегілер рұқсат бермеген. Сел кезінде уәдені үйіп-төккен Наурызбай ауданы шенеуніктерінен де сол күйі қайыр жоқ.

Күләш Құлымбаева, Қарағайлы ықшамауданының тұрғыны:

-Әкімге барсақ жобада жалпы қала жоспарында жоқсыңдар дейді.Ақшаның жоқтығын сылтауратады.   

Шенеуніктердің де өз уәждері бар. Көпір ескі орнында тұрмаса да, жаңасы салынып жатыр. Сондықтан, тұрғындар айналма болса да, сол жақпен жүрсін дейді. Әйтпесе, өзен үстіне өткелді жиі салатын ақша жоқ екен.

Сайран Сайфеденов, Наурызбай ауданының әкімі:

-600 метр жерде көпір қарастырылған. Бірінші бетондық жұмыстары аяқталды. Енді, осы арнаның жанын топырақпен толтырамыз. Кейін жаяу жүргіншіге көпір салынады.

Шенеуніктер аралда қалған үйлердің алдына тас жол да салып береміз деп сендірді. Ал, 600 метр әрірек салынып жатқан көпір құрылысы маусымда аяқталмақ. Оған дейін жұрттың қауіпті жолмен жүруден басқа амалдары жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде