{metadescription}
Павлодар облысында бірнеше ауыл су астында қалуы мүмкін
Павлодар облысында бірнеше ауыл су астында қалуы мүмкін

Павлодар облысында бірнеше ауыл су астында қалуы мүмкін

Көктем айы болса да, қар биіктігі электр бағанасына жетеқабыл! Павлодар облысында үш бірдей ауылдың тұрғындары су астында қалатын болдық деп дабыл қағуда. Себебі, Баянауыл ауданындағы Сәтбаев, Терең, Қараши елді мекендерінде биыл қар былтырғыдан үш есе артық мөлшерде түскен екен.

Су басу қаупі барын мұндағы төтенше жағдай қызметі де мойындайды. Сондықтан қазір күшейтiлген тәртiпте жұмыс iстеп, апаттың алдын алу шаралары жүргізілуде. Алайда бұл ауылдықтардың үрейін баспай отыр. Өйткені қыс бойы толассыз жауған қар әлі де ерімеген. Күннің енді жылына бастағанын айтқан жұрт қар лезде ерісе, үйлерді су шайып кетуі мүмкін дейді. Ал көшедегі қардың электр бағанасының бойына жетеқабыл боп тұрғанын айтқан тұрғындардың жергілікті билікке өкпесі қара қазандай. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.