{metadescription}
"Қазгидромет" ауа-райына қатысты болжамдарымен бөлісті
"Қазгидромет" ауа-райына қатысты болжамдарымен бөлісті

"Қазгидромет" ауа-райына қатысты болжамдарымен бөлісті

Биылғы көктем әлі де біраз күттіруі мүмкін. Бүгін «Қазгидромет» мамандары ұзақ мерзімді болжамдарымен бөлісіп, алдағы уақытта ауа райының қалай болатынын айтты.

Болжам бойынша, келесі ай құбылмалы екен. Яғни сәуірдің басында еліміздің солтүстік-шығысы мен орталық өңірінде күн күрт суытып, түнде минус 13 градусқа дейін болады деп күтілуде. Алайда қара суық ұзаққа созылмайды дейді мамандар. Артынша ауа райы ашылып, еліміздің солтүстік, оңтүстік және шығыс өңірлерінде күндізгі ауа температурасы 10-18 градусқа дейін жылынбақ. Ал батыста тіпті термометр бағамы 25 градусқа дейін көтеріледі делініп отыр. Бірақ сәуірдің ортасында солтүстік облыстарда жаңбыр аралас қар жауып, күн қайта суытады. Тіпті мамыр айының алғашқы жартысында солтүстік өңірлерде қар жаууы мүмкін екен. Салдарынан Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарындағы өзен-сулар арнасынан асып, тасқын жүру қаупі бар. Есесіне алдағы жаз өте ыстық болып, қыс ерте түседі дейді «Қазгидромет» мамандары.

Гүлмира Ақышева, «Қазгидромет» РМК ұзақ мерзімді болжам жасау басқармасының басшысы:

-Еліміздің басым бөлігінде құрғақ болады деп болжануда. Тек еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде солтүстік-батыс ауа ағымдарымен нөсерлі-найзағайлы жаңбырдың мол жаууы, кей өңірлерде тіпті бұршақ болуы ықтимал. Қыркүйекте күздің қара суығын сезіне бастаймыз. Бұл кезде еліміздің солтүстік және шығыс өңірінде тіпті қардың алғашқы ұшқыны байқалуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.