{metadescription}
Павлодар облысында кәсіпкер мен ауыл жұрты арасында дау шықты
Павлодар облысында кәсіпкер мен ауыл жұрты арасында дау шықты

Павлодар облысында кәсіпкер мен ауыл жұрты арасында дау шықты

Ефремовка елді мекені тұрғындарының айтуынша, жергілікті шаруалардың бірі қырдағы бар малын ауыл ортасына жайлап, маңайдың бәрін ластаған. Мәселені айтып, әкімдікке бірнеше рет барған жұрт енді қар ерісе мал тезегінің иісіне тұншығамыз деп шағымдануда. Ал қыстан әрең шыққан жүзден аса ірі қараны қоймаға кіргізуден басқа амал таппаған шенеуніктер, шаруаға осылайша қолдау жасадық дейді.

Бұл – Ефремовка елді мекенінің тұрғындары. Бірнеше айдан бері мұндағы жұрттан маза қашқан. Айтуларынша, ауылдың қақ ортасындағы ескі қоймаға қырдағы малын айдап әкелген шаруа маңайды әбден ластапты. Ал тазалықты ту етіп барғандардың сөзіне кәсіпкер құлақ аспайды екен.

Бақтыбала Бейсембаева, Ефремовка ауылының мал дәрігері:

- Ауылдың ортасында мал ұстамайды. Бір жарым шақырым ауылдан алыс тұру керек.  артында. Қар ерігенде сумен боғы түгел судың астына кетеді.

Кәсіпкер болса ешқандай заң бұзбағанын айтады. Саршұнақ аяз қысқанда жергілікті биліктен көмек сұраған. Солардың рұқсатымен қырдағы малын ауыл ортасындағы бос тұрған қойманың ғимаратына ықтатыпты.

Сұңғат Рахманов, шаруа қожалығының иесі:

– Қойманың ар жағында бір әйел тұрады.Үйімді 4 миллион теңгеге сатып ал деп мазамды алып жүр. Мен бұл жерге әкімдіктің рұқсатымен уақытша кірдім. Төлді ширатып алған соң, қайта қырға кетемін. Онда малға арналған жылы қора салынып жатыр. Ешкімнің үйінде, жерінде шаруам жоқ.

Техникалық ережеге сәйкес ауылдық жердегі бір үйде мал саны отыздан аспауы тиіс екен. Осыны айтып наразы топ жергілікті әкімдікке бірнеше рет барғанымен еш нәтиже жоқ. Ал кәсіпкер қазір малы төлдеп жатқан аумақты көп ұзамай босатам деп сендірді.

Бұған дейін қаңырап бос тұрған мына аумақта қазір жүзден аса ірі қара қамаулы тұр. Ауылдың қақ ортасында мал ұстай бастаған кәсіпкердің өзі мұнда мамыр айына дейін болуы тиіс. Бұл жердің біраз ластанғанын мойындаған шаруа аумақты айнадай ғып тазалап кетуге уәде беріп отыр. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде