{metadescription}
Оңтүстік Қазақстанда көп пәтерлі үй құлаудың аз-ақ алдында тұр
Оңтүстік Қазақстанда көп пәтерлі үй құлаудың аз-ақ алдында тұр

Оңтүстік Қазақстанда көп пәтерлі үй құлаудың аз-ақ алдында тұр

Леңгірдегі 12 отбасы тұрып жатқан ғимаратттың қабырғасына 3 апта бұрын сызат түсіп, қабырғаның саңылауына жұдырық сиярдай болған. Жұрт жарты айдан бері үйінді астында қаламыз деп дабыл қағып жатса да жергілікті шенеуніктер жайбарақат отыр.

-Тұрғызылғанына 60 жыл болған бұл үйдің проблемасы бірер апта бұрын ғана байқалған. Наурыз айының басында 12 отбасы тұратын ғимараттың қабырғалары күрт қақырай бастапты. 3 апта ішінде шынашақтай сызаттан, жұдырық сиятындай жарыққа айналған.

Төтеннен келген жағдайға қарсы не амал қыларын білмеген жұрт үрей үстінде. Зәкия Құспанова заттарын да буып-түйіп қойған. Әкімдіктен енді хабар болмаса, ұлымен бірге ашық аспан астында түнемек.

Зәкия Құспанова, Леңгір қаласының тұрғыны:

-Үйінді астында қаламыз ба деп  қорқамыз.  Бірақ енді баратын жер болмағаннан кейін осы жақта түнейміз.

Сызат пайда болған күні-ақ әкімдікке барғанымен, олар еш әрекет жасаған жоқ дейді пәтер иелері. Сол себепті өздігінше тексеру жүргізген тұрғындар, жарықтың пайда болуын үй маңынан өткізілген су құбырынан көреді.

Ал шенеуніктер жағдайды жіті қадағалап отырмыз дейді. Әзірге тек бірінші қабаттағы тұрғындарды бүгін-ертең көшірмекші. Қалғандары сараптама қортындысын күтуі керек екен.

Мастерхан Пернебеков, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары:

-Құламайды деп отырмыз ғой. Егер  оқыс оқиға болған жағдайда эвакуациялық орындарды дайындап жатырмыз.  

Әкімдіктегілер үй толықтай апатты деп танылған жағдайда 12 отбасын күзде тапсырылуы тиіс жаңа баспанаға көшіреміз деп уәде береді. Оған дейін кінәлілер анықталып, жазасын алады деген шенеуніктер мазасыз жұрттың далада қалмайтынын айтуда. Алайда бұл жаңа пәтерден гөрі бас амандығын тілегендерге жұбаныш болар емес.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.