{metadescription}
Таразда есірткіні ағайын-туыс, көрші-қолаңмен топтасып сатқан
Таразда есірткіні ағайын-туыс, көрші-қолаңмен топтасып сатқан

Таразда есірткіні ағайын-туыс, көрші-қолаңмен топтасып сатқан

Таразда әйел жетекшілік еткен қылмыстық топ ұсталды. Өңшең көрші-қолаң мен ағайын-туыстан құралған топтың 14 мүшесіне есірткі саудасымен айналысты деген айып тағылып отыр. Ал өзге сыбайластарына іздеу жарияланған.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының өкілдері осы қылмыстық топтың ізіне өткен жылдан бері түскен. Содан күні бүгінге дейін жүрген-тұрғанын аңдып, ақыры қолға түсірді. Ұсталған 14 адамның алтауы – әйел. Бәрінің үйлерін тінту кезінде, жалпы көлемі екі жарым келі героин шықты. Ал қылмыстық топты 51 жастағы сыған әйел басқарған. Бұған дейін істі болған ол Қырғызстаннан есірткіні өзі тасымалдап жүріпті. Апта сайын жүйелі түрде героин жеткізетін топ жетекшісінің Қордайдағы шекара бекетінен қалай өтіп келгені түсініксіз. Бір көшенің бойында тұрған көршілер, кейбірі бір-біріне туыс болып келетін күдіктілер қазір тергеу қапасында жатыр.   

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде