{metadescription}
Елімізде болашақ сарбаздардың діни ұстанымы қатаң тексеріледі
Елімізде болашақ сарбаздардың діни ұстанымы қатаң тексеріледі

Елімізде болашақ сарбаздардың діни ұстанымы қатаң тексеріледі

Қорғаныс министрлігі 27-ші наурыздан көктемгі әскерге  шақыру науқанын бастады. Ал, Қарулы күштер сапында отан алдындағы борышын өтегісі келетіндердің саны өте көп. Сондықтан сынақ та барынша қатаңдатылған.

Қазір жер-жердегі қорғаныс басқармаларында қызу қарбалас. 18 бен 27 жас аралығындағы жігіттер жаппай коммисариатқа шақыртылып, медициналық тексерістен өтіп жатыр. Қару ұстап, казарма көргісі келетіндердің көптігі соншалық, 1 орынға 4 адам таласуда. Бірақ ең мықтылары ғана қарулы күштер сапына алынбақ.

Амантай Өсербаев, ҚР ҚМ Ұйымдастыру-жұмылдыру департаменті басшысының орынбасары:

-Денсаулықтары жақсы, білімі бар, психология жағынан дайын жігіттерді  іріктеп, мерзімдік әскери қызметке жіберіміз. Осы көктемде қарулы күштердің қатарына 16 мыңдай азамат әскери қызметке шақыртылады.

Яғни, үміткер көп болғандықтан талап қатал. Дәрігерлердің тексерісі мен психологиялық тесттен бөлек, болашақ сарбаздардың діни ұстанымына да мұқият мән беріледі. Оны анықтау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті тартылады екен. Ал, барлық сыннан сүрінбей өткендердің тең жартысы Қорғаныс министрлігінің бөлімдеріне, қалғаны Ұлттық гвардия мен Ішкі Әскер және шекара шебіне аттанады.

Мүсілім Дайыров, ҚР ҚМ Ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің басшысы:

-Жылдан жылға талап күшейіп келеді. Сәйкесінше, сарбаздардың кәсіби деңгейі жоғары. Әрі оларды әскерге шақырғанда мамандығы мен қандай қабілеті барын ескеріп, соған сай жұмыс береміз.

Алайда әскердегі әлімжеттік, суицид тыйылмай тұр. Биылдың өзінде бөлімдерде 100-ге жуық қылмыс болып, соның біразы жауынгерлерді ұрып соққандарға қатысты қозғалыпты. Ал, мұндай деректерді болдырмау үшін сарбаздарға өзі тұрып жатқан қалада қызмет етуге мүмкіндік беру мәселесі айтылған. Бірақ, үйінен жырақта болу жауынгерлердің төзімділігін шыңдайтынын айтқан офицерлер бұған бүгін қарсылығын білдірді. Бұдан былай отан алдындағы борышын өтеуден бас тартқандар бір жылға түрмеге де қамалуы мүмкін. Немесе бір миллион теңге айыппұл төлейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.