{metadescription}
 Павлодар облысында тасқыннан үрейленген жұрт  үйлерін  тастап қашуға мәжбүр
 Павлодар облысында тасқыннан үрейленген жұрт  үйлерін  тастап қашуға мәжбүр

Павлодар облысында тасқыннан үрейленген жұрт үйлерін тастап қашуға мәжбүр

Павлодар іргесіндегі көшелер мен жер үйлерді су ала бастады. Еріген қардың бетін өздері қайтара алмаған жұрт бас сауғалап жан-жаққа кетіп жатыр. Тасқын тіпті аймақтағы бірнеше тас жолды басып үлгерген.  Төтенше жағдай қызметі қазір күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде. Қозғалысқа шектеу қойылған.

Бұл – еріген қар суы сәт санап көтеріліп жатыр деп дабыл қаққан Баянауыл тұрғындары. Тас жолдың шайылғанын ұялы телефонға түсіріп алған олар ауылдарына әрең жетіпті. Қазір Павлодар іргесіндегі елді мекендерде де жағдай мәз емес. Қызыл судың жылдағыдан ертерек басталғаны тұрғындарды абдыратып тастапты. Су үйлеріне кірген соң, жұрт киім-кешегін алып, туыстарын жағалап кеткен. Солардың бірі – Айымгүл Нұғманова. Үйіне қайта ораларына ол күмәнданады.

Айымгүл Нұғманова, Ленин кентінің тұрғыны:

-Кеше 10 сантиметр болған. Бүгін таңертең 20 сантиметр болды. Көтеріліп жатыр. Жиһазымыздың бәрі суға кетті. Енді шіріп кетеді. Үйіміз саман. Үйіміз құлайды.

Сирағынан су кешкендер қарды ерімей тұрып шығарып тастамады деп әкімдікке өкпелі. Ал жұртты сабырға шақырған шенеуніктер барар жері жоқтарды баспанамен қамтамасыз етеміз деп сендіріп отыр.

Жеңіс Әбікен, Ленин кентінің әкімі:

- Үй жалдаймыз. Одан кейін үйді қалпына келтіруге көмектесеміз.Төрт техника жұмыс істеп жатыр. Екінші тәулік су сорып жатырмыз. Бірақ үлгере алар емеспіз.

Еріген қар суы Май ауданындағы Ақжар ауылының тұрғындарын да әбіргерге салып қойды. Ал үйлерін су басып, барар жері қалмағандардың саны әлі де артуы мүмкін. Өйткені алдағы күндері өңірде жауын-шашын болады деп күтілуде. Қазір елді мекендер мен жол бойында жедел құтқару топтары жұмыс істеп жатыр.

Мәліметтерге қарағанда, биыл өңірдің қырықтан аса елді мекенін су басу қаупі бар. Күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатқан төтенше жағдай қызметі алаңдауға еш негіз жоқ дейді. Ал екі тәуліктен бері жаңбырдың тыйылмай тұрғанын айтқан жұрт енді су көбеймесе азаймайды деп отыр. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде