{metadescription}
 Елде азық-түліктің бағасы тағы өсіп жатыр
 Елде азық-түліктің бағасы тағы өсіп жатыр

Елде азық-түліктің бағасы тағы өсіп жатыр

Тұрғындар еттің орнына өзге өніммен алдаусырататын болған. Өйткені, жеңсік астың бағасы едәуір өсіпті.

Мәселен, осы наурыз айының өзінде қой етінің бағасы -1 жарым пайызға көтерілген. Сиыр етінің де келісі қазір 1300 теңгеден кем емес. Жылқы еті тіпті удай қымбат. Шұжық өнімдерінің құны одан да асып түскен. Келісі – 1 730 теңгеден. Ал Қазақстанның балығы сырттан келетін деликатестерден де қымбат. Кейбірінің келісі 1 265 теңгеден сатылуда. Сүт өнімдері де едәуір өсіпті. Қаймақ, ірімшік дегендердің енді жеңсік асқа айналатын түрі бар. Себебі, олардың келісі қазір 2 мың теңге. Көкөніс құны да қалып жатқан жоқ. Пияз бірден 9 пайызға, картоп – 4 пайыз, сәбіз 3 пайызға қымабатған. Көшті сарымсақ бастап тұр. Оның келісі етпен бірдей – 1 187 теңге. Қызығы сол, сырттан келетін кейбір жемістердің бағасы керісінше төмен. Мәселен, апельсин – 1,6 пайызға дейін арзандапты. Ұн өнімдерінің бағасы да ұнамды болмай тұр. Астыққа бай ел болсақ та, олардың құны жарты пайызға дейін жоғарылаған. Бәрінен бұрын «тәтті» десе сілекейі шұбыратындарға обал болды. Өйткені ең арзан кәмпиттердің келісі- 900 теңге. Майонез, ашытқы, арақтың да ақысы осы айда артқан.                        

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде