{metadescription}
Энергетика министрлігі шаруаларға арзан жанармай үлестірмек
Энергетика министрлігі шаруаларға арзан жанармай үлестірмек

Энергетика министрлігі шаруаларға арзан жанармай үлестірмек

Биыл диқандар дизель отынынан таршылық көрмейді.  Энергетика министрлігі көктемгі науқанда шаруаларды арзан жанармаймен қарық қыламыз деп сендірді. 

Ауыл шаруашылығына деп 375 мың тонна дизель отыны бөлініпті. Сол жанармай диқандарға жеңілдетілген бағамен литрі 117-127 теңгеден сатылмақшы. Оның 79 мың тоннасын Атырау, 233 мың тоннасын Павлодар, ал 63 мың тоннасын Шымкенттегі мұнай зауыты береді. Бірақ, елімізде егін науқаны әлі басталған жоқ. Диқандар соқа-саймандарын әзірлеп, жердің дайын болуын күтіп отыр. Қар толық еріген соң, яғни, оншақты күннен кейін ең алдымен оңтүстік өңірдегі алқаптарда дән себу басталады. Жалпы биыл 22 миллион гектар жерге астық егіледі деп жоспарланған.

Әсет Мағауов, ҚР Энергетика вице-министрі:

-20-шы наурызда Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бірақ, бұған қарамастан еліміз мұнай өнімдерінен тапшылық көрмейді. Өйткені, өткен жылмен салыстырғанда биыл дизель отынының қоры 100 мың тоннаға көп

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде