{metadescription}
Премьер-министр тасқын кезінде құр ескертумен шектелетін шенеуніктерді сынға алды
Премьер-министр тасқын кезінде құр ескертумен шектелетін шенеуніктерді сынға алды

Премьер-министр тасқын кезінде құр ескертумен шектелетін шенеуніктерді сынға алды

Ішкі Істер министрлігі құтқарушылар тобын дереу Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарына аттандырып жатыр. Себебі, тасқын енді осы өңірлерде ойран салуы мүмкін. Оның үстіне топан су бірнеше облыстың тұрғындарын әлі әлекке салуда.

Топан судан көз ашпаған Қарағанды облысындағы жағдай қазір адам шошырлық. Қызыл су Нұркен, Ағадыр , Ынталы, Ақшоқы және Жарлы секілді 8 ауылды шайып кетті. Тіпті, қарқыны қатты тасқын электр бағандарын да құлатқан. Соның кесірінен Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарына қарасты 20-ға жуық ауыл жарықсыз қалды.

Павлодар облысының жұрты да жандарын шүберекке түйіп отыр. Әсіресе, Баянауыл мен Май ауданындағы жағдай қиын. Қызыл су жер үйлерге жайылып, дүние мүлік бетінде қалқып жүр. Халық құм толы қапты қорған қылғанымен, одан пайда жоқ.

Тасқын енді Солтүстік Қазақстан, Қостанай мен Ақмола облыстарына жақындап келеді. Себебі, бұл аймақтарда күн райының күрт жылынып нөсердің төпелеп жаууы өзен-көлдерді арнасынан асыруы мүмкін.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

-Қазір барлық күш осы қауіпті облыстарға жұмылдырылған. Онда  құтқарушылар күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, өзен-көлдерді күні-түні бақылауға алды.

Сондықтан бұл өңірлерде кез-келген уақытта төтенше жағдай жариялануы ықтимал. Ал, премьер-министр топан су ойран салып жатқанда құр ескерту жасаумен құтылатын шенеуніктерді қатал сынға алды.  

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:

-Кезекшілік қойып, бір адамды шығармаңдар. Тұрғындардың көбі өзіне ештеңе болмайды деп ойлайды. Өйткені психология сондай. Сондықтан қауіп төнсе адам түгілі, көлікті шығармау қажет. Өйткені жоқ жерден азаматтарымыздан айрылып жатырмыз.

Бақытжан Сағынтаевтың бұлай алаңдауы бекер емес. Өйткені, қызыл су Оңтүстік, Шығыс Қазақстан, Қарағанды мен Павлодар облыстарында 40-тан астам тас жолды шайып үлгерген. Сондықтан осы 4 аймақта қазір автожолдар уақытша жабық тұр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде