{metadescription}
Қарағандыда төтенше жағдайлар департаментінің шендісі парамен ұсталды
Қарағандыда төтенше жағдайлар департаментінің шендісі парамен ұсталды

Қарағандыда төтенше жағдайлар департаментінің шендісі парамен ұсталды

Қарағандыда облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары 200 мың теңге парамен ұсталды. Вадим Магамадов өртке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтамаған кәсіпкерлердің кемшіліктеріне көз жұмғаны үшін осылай ақша алып келген.

Орынбасардың қолына кезекті бір кәсіпкерден бопсалаған ақшаны санап алып жатқан жерінде кісен салынды. Тергеу мәліметінше, шенеунік өртке қарсы қауіпсіздік ережесінің сақталмағаны үшін салынған айыппұл мөлшерін төмендетіп, олқылықтарды жоюдың мерзімін ұзартуға көмектеспек болған. Осы қызметін Магамадов 200 мың теңгеге бағалапты. Үкімді ол енді изоляторда жатып күтеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде